Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарыағаштық бақсы адамдардың жынын қобызбен шығарады (фото)

 Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылының тұрғыны  Берік  Ерболатұлы адамдарды емдеуді 19 жасынан бастапты. Оның қарапайым емшілерден ерекшелігі ем жүргізу әдісінде. Ол  қобыз және кепшік аспаптарын  пайдалана отырып, алдына келген адамдарды дертінен айықтырамын дейді.

бақсы5

Бақсы Stan.kz  сайтының тілшісіне берген сұхбатында бойындағы ерекше қабілеті жайлы кеңінен айтып берді.

бақсы1

“Әкем дүниеден өткен кезде қатты құлазыдым. Оның арасында, өзім жүрегіме ота жасатып, екі жыл уақыт төсек тартып жаттым. Ренжіп, “кімге не жаздым” деп ойладым. Бабалардың басына барып, тазалану мақсатында жолға шықтым. Міне сол кезде менің түсіме түрлі дүниелер кіріп, аян бере бастады. Ем жүргізетін әр затымды өзім жайдан-жай алған жоқпын. Барлығы бабалардың айтуымен”,-дейді Берік бақсы.

бақсы2

Берік Ерболатұлы қолындағы кепшік аспабымен зікір сала отырып, құран сүрелерін оқып адамның жолын ашады. Ауыр дертке шалдыққан науқастарға ем жүргізеді. Оның сөзіне сенсек, Қорқыт атаның аянымен Қобыз бүгінде көп адамның қалауына жетуіне үлкен септігін тигізіп жатыр екен.

бақсы3

“Қорқыт атамыз жанын алып қалу үшін, қобызын қолынан тастамағанын аңыз әңгімеден  білеміз. Міне  соның дәлелі, қобыздың үні қасиетті. Қобыз тартылған кезде жан алуға келген періштелер өздеріне не істеу бұйырылғанын ұмытып қалады екен. Мен құран сүрелерін іштей оқып отырып, қобызды тартамын. Сонда жаратушыдан көмек сұрап келген адамның тілегі орындалады”,-дейді Берік  Ерболатұлы.

бақсы4

Берік Ерболатұлының ем жүргізетін заттары: қамшы, пышақ, жылан тәрізді алдында жатқан таяғы, бұғының мүйізіне ұқсап кететін ағаш, қырық бір құмалақ, бірнеше тәспі, асатаяқ.

бақсы7

Бақсы жақында шөптен дәрі жасап, ішкілікке салынғандардың бетін қайтаруды қолға ала бастапты.

бақсы9

“Бұл бұғының мүйізіне ұқсайтын ағаш, негізінде қос алақанын  жайып, жаратушыдан көмек сұрап тұрған адамның қолы. Бұталарыда он. Оны әулие аралап жүрген кезде түсімде көргем. Содан, өңімде судың бетінде жатқан жерінен тауып алғам”,-дейді бақсы.

бақсы12

“Бұл жылан тәрізді ағаш. Адамға көз тисе, сөз болса, жын кірсе , барлық зиян арқасына отырады. Мен емдеу кезінде  осы жылан ағашты адамдардың арқасына тигізіп, құран аяттарын оқимын. Сол кезде адамның бойындағы негізгі мәселесі шешіледі”,-дейді бақсы.

бақсы11

Емші алдына келе алмаған адамдарды телефон, сурет арқылы да емдейді екен. Бірақ, ол емде адам бақсының қасына келгендегідей әсерлі  болмайды дейді ол.  Бақсы Берік адамдарды ауыр дерттен емдейді.  Жолын ашады, болашағын болжап, арақты қоя алмай жүрген адамдарды дұрыс жолға салады екен. Бүгінде өзінің Қазақстан бойынша бірнеше аймақта шәкірттері бар. Қазірдің өзінде айына бір мәрте әуле аралап тұрады екен.

“Мен әулие аралаған кезде әруаққа сыйынбаймын. Бабаларды құрметтеп, жаратушыға жалбарынамын.Менің жолымды дұрыс емес дегендер де болды. Бірақ, мен осы дүниені қолға алғаннан кейін,өзденсаулығым жақсарды”,-дейді бақсы.

Оқи отырыңыз:

56 жастағы Сары әулие өзін жас қыздардың қалай жақсы көретінін айтып мақтанды (фото)

Сары әулие жас әйелімен дабсмеш видео түсіріп, жұртты күлдірді (фото, видео)

Түркістандық “тірі пайғамбар” шошқа майы мен арақты адал деп жұртты шошытты

Қылмыскердің оғына кеудесін тосып тұрғындарды қорғап қалған тараздық полицей елге оралды (фото)

 

 

Талқылау