Сарқыраманың қасында сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болған жігіт сақинаны суға ағызып алды (видео)
АҚШ-та жас жігіт өзінің сүйіктісіне романтикалы түрде ұсыныс жасамақ болған. Бірақ, ең маңызды сәтке келгенде сақинаны суға түсіріп алыпты.
Колорадо штатындағы Ла-Плата әкімшілік округіндегі сарқырамаға сүйіктісімен саяхаттаған Эндрю Шуманн қызына ұсыныс жасамақ болады.
Сүйіктісі ештеңе байқап қалмас үшін, Эндрю екеуінің сарқыраманың фонында төмен қарай секіріп жатқанын видеоға түсіргісі келетінін айтады.
“Біз шығып, секіруге дайындалдық. Сақинаны қолыма қысып ұстап жүргенмін. Ең жауапты сәтте мен аздап қобалжып, тізерлеп отырып сөзімді енді бастай бергенде сақинаны суға түсіріп алдым”, – дейді ол. Бірақ, жігіт өзін жинап, ақыры өзіне тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіреді. Тосынсыйдың жоспары өзгеріп кеткеніне қарамастан, қызы түсіністікпен қарап, келісім берген.
Оқи отырыңыз:
Түркіменстан президенті министрлерге дене жаттығуларын қалай жасау керектігін көрсетті (видео)
ШҚО-да туристердің тамағын ұрлап жүрген аю видеоға түсіп қалды (видео)
Ростов тұрғыны сағатына 72 шақырым жылдамдықпен зулайтын велосипед жасап шықты (видео)
Құтқарушылар 7 жасар баланы кір жуғыш машинадан алып шықты (видео)