Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарбаз Ербаян Мұхтарға ота жасаған дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Әскери қызметкер Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото әлеуметтік желіден

Бұл туралы сарбаздың адвокаты Инга Иманбай мәлімдеді.

"Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бүгін белгілі болғандай, 1 қазан күні негізгі қылмыстық істен бөлек, дәрігерлердің әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Бұл іс бойынша да сараптама тағайындалды. Біз де негізгі іс бойынша сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сіздердің қолдауларыңызбен әділдікті талап ете береміз", — деп жазды Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында.


"Қазіргі жағдайына құлап қалуы себеп болмады": Ұлттық ұлан басшылығы 6 ай бойы комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты мәлімдеме жасады


Айта кетейік, Ербаян Мұхтар ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. 2023 жылдың желтоқсанында сарбаз ми жарақатын алып, содан кейін комаға түскен. Әскерилер туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Алайда сарбаздың жақындары ұлдарының абайсызда құлап қалғанына сенбейді. Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды. 

Қазақстандықтар 6 айдан астам комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың емі үшін 230 миллион теңге жинап берді. 27 қыркүйек күні сарбаз Түркияға емделуге жіберілген еді. 

Талқылау