Сарапшылар күзде теңгенің құны қалай құбылатынын айтты
Болжам бойынша, күзде Қазақстанның төлем балансының тапшылығы ұлттық валюта бағамын қыса түседі, деп есептейді Forex Club компания тобының сараптама бөлімінің жетекшісі Николай Ивченко, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
«Біздің бағалауымыз бойынша, валюталық жұп доллар/теңге күз мезгілінде 325-355 аралығында болады. Оның бірнеше себебі бар.
Біріншіден, Қазақстан төлем балансының тапшылығы ұлттық валюта бағамына қысым жасайды. Бұл капиталдың «тікелей инвестициялардың кірістері» бабы мен «портфельдік инвестициялар» баптары бойынша шетелге ағылуымен байланысты жағдай», – деді Николай Ивченко.
Оның айтуынша, тауарлар мен қызметтердің экспорт-импорты оңтайлы аймақта – тоқсанына 3 млрд. доллар шамасында болады.
Сондай-ақ оның атап өтуінше, күзде мұнайдың әлемдік бағасының өсуі мен энергия ресустары экспортынан түсетін табыстың өсуінен үміттенбеген жөн.
«Күздің екінші жартысында әлемде доллардың барлық валюталарға қарағанда бағамының өсуін күтіп отырмыз. Бұл уақытта экономикада біршама оңтайлы жағдай пайда болады, АҚШ-та прценттік ставкалар өсуі ықтимал. Бұл өсім 50 проценттен асуы мүмкін (қазір 39 процент). Дегенмен бұл да өз кезегінде теңгеге біршама қысым көрсетеді»,-деді ол.
Оқи отырыңыз:
Елімізде жаңадан кәсіп ашқысы келетіндерге несие беріледі
Ұлттық банк теңге курсының неліктен құлдырап жатқанын түсіндірді
Қазақстандықтар енді селфидің көмегімен несие рәсімдей алады
Халық банкі Қазкоммерцбанкті сатып алды