Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы еліміздегі үлескерлік құрылыс туралы заңды сынады

Қазақстан риэлторларының бірлескен қауымдастығының вице президенті, Dixi жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Нина Лукьяненко еліміздегі құрылыс саласындағы қиындықтар туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нина Лукьяненко

Бұл туралы сарапшы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Нина Лукьяненконың сөзінше, еліміздегі үлескерлік құрылыс туралы Заң шикілікке толы көрінеді.

«Елімізде 2007 жылы болған дағдарыс ешкімді ештеңеге үйретпеді ме? Үлескерлік құрылысқа ақшасын салып, барынан айырылып қалған біздің азаматтарымыз емес пе? …Еліміздегі үлескерлік құрылыс туралы Заңның жұмыс істемейтінін ғана емес, қазіргі уақытта жаңа механизмдерді іздестіру жолында жаңа өзгертулер енгізіп, шара қолдануды қолға алу керектігін мойындау қажет. Жаңа өзгертулер енгізілмей тұрып-ақ, көптеген сарапшылар Заңның шикі екенін айтқан болатын», – дейді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, үлескерлердің мүддесін қорғауы тиіс Заң оларды құрылыс компанияларының міндетінен тайқып шығуынан құтқара алмайды. Заң сонысымен де шикі, дейді Лукьяненко.

«Құрылысы бітпеген нысандардың көбі сатып алушыларға түрлі компаниялар, себептер, «тұздықтар» арқылы сатылып жатыр. Бұл ақырын жарылатын бомба сияқты. Егер қазір заңнамалық тұрғыда шара қолданбаса, алдағы уақытта «Алданып қалған үлескерлер-2» трагедиялық драмасына куә болуымыз мүмкін», – дейді Нина Лукьяненко.

Сондай-ақ, сарапшы құрылыс компанияларының үлескерлік туралы Заңды қалай айналып өтіп жатқанын да айтып берді.

«Құрылыс компаниялары өз клиенттеріне еншілес кәсіпорын арқылы құрылысқа инвестиция салу, агенттік келісім шарт жасасу және басқа да схемаларды ұсыну арқылы үлескерлік туралы Заңды әдейі айналып өтеді. Олардың бәрінің мақсаты сатып алушыны сан соқтырып кету емес. Алайда мұның салдыра осындай жағдайға әкеп соғуы да ықтимал…

Десе де сатып алушы инвестор ретінде келісім шарт жасасса, нысанның құрылысы бітпей қалса немесе пайдалануға берілмеген жағдайда, ол мұндағы барлық қатерді нысанды салушымен бөлісетін болады.

Бұл жағдай бақылаудан барынша жылдам шығып кетуі мүмкін. Оны 10 жыл бұрын орын алған оқиға да дәлелдеді. Құрылыс істері жөніндегі комитеттің назарын аудару үшін, көмек қажет екенін білдіретін кез келді», – дейді сарапшы.

Сонымен қатар сарапшы мемлекет атынан үлескерлердің мүддесін қорғайтын Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры арқылы кепілдікке қол жеткізу жағдайының да мәз емес екенін атап өтті. Қазақстан бойынша небары 10 құрылыс нысаны кепілдік бере алады екен.

«Тұрғын үй құрылысы саласындағы жағдай өте қауіпті болып тұр. Себебі сарапшылардың мәліметінше, құрылыс компанияларының біразы дефолт қатерінің алдында тұр, ал құрылыс компанияларындағы қайтарымсыз несиенің үлесі 28 пайызға артқан», – дейді Нина Лукьяненко.

Оқи отырыңыз:

Замираның күйеуімін: Қазақ жігіті Замираның әрекетіне ашуланды

Бұл банкте жұмыс істеген емеспін: Жомарт Ертаев тұтқындалғаннан кейін мәлімдеме жасады

Теміртауда болған атыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

Алматыда пәтер тонап, автокөлік ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды

Талқылау