Сарапшылар Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстың Қазақстанға зардабы туралы айтты
Украина мен Ресейдің арасындағы қақтығыстың зардабы олармен қарым-қатынастағы мемлекеттерге міндетті түрде тиетінін отандық сарапшылар да айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Дегенмен екі ел арасындағы жанжал жақын арада шешілуі мүмкін дейді Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Болат Әуелбаев.
“Кез келген жағдайда кикілжің аяқталады. Қанша дегенмен екі тарап келіссөз жүргізуі қажет. Қазіргі жағдай өте қиын. Ал Қазақстан қақтығыстың саяси тұрғыдан шешілгенін қалайды. Өйткені ымырасыздық жаппай қан-төгіс пен қиындыққа алып келеді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, қазір Ресейге қарсы неше түрлі санкция салынып жатыр. Енді бұл шешім экономикалық тұрғыдан тек Украина мен Ресейге ғана емес, солармен көршілер орналасқан әрі қарым-қатынастағы мемлекеттерге де зардабын тигізеді”, – дейді ҚР президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Болат Әуелбаев.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”