Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар түнге қалған лас ыдыс қандай ауруларға әкелуі мүмкін екенін айтты

Фото: cosmetic.magnit.ru

Лас ыдысты түнге қалдыру ас үй раковинасын көзге көрінбейтін, бірақ адам денсаулығына аса қауіпті бактериялардың ошағына айналдыруы мүмкін. Микробиологтар мұндай орта тағамнан улану мен түрлі жұқпалы аурулардың қаупін арттыратынын ескертеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail.co.uk ақпарат агенттігі хабарлайды.

Микробиологтардың айтуынша, табақтар мен ас құралдарын суға жібітіп қою кезінде пайда болатын жылы әрі ылғалды орта зиянды микроағзалардың тез көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Соның салдарынан жұқтыру қаупі де арта түседі.

"Микробиолог ретінде ас үй раковинасын микробтар жиналып, оңай таралатын орын деп санаймын", – дейді "Микробтар коды" кітабының авторы Джейсон Тетро Reader’s Digest басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, зерттеулер ас үй раковиналарында нәжістік колиформдар, тағам арқылы жұғатын патогендер, сондай-ақ теріде кездесетін бактериялар сияқты түрлі зиянды микроағзалардың жиналатынын көрсеткен. Кардифф Метрополитен университеті Ұлыбританиядағы 46 үйде жүргізген зерттеу барысында ас үй беттерінен алынған жағындыларды талдап, раковиналарда ас үйдің өзге бөліктеріне қарағанда бактериялар әлдеқайда көп болатынын анықтаған.

Сарапшылар мұның басты себептерінің бірі шикі тағамды дайындау кезінде раковинаның жиі қолданылуы екенін айтады. Мәселен, көп адам құсты пісірер алдында жууды әдетке айналдырған. Алайда мұндай әрекет бактериялардың ас үйге кеңінен таралуына жол ашады.

Ең жиі анықталған микроағзалардың қатарында E.coli, Enterobacter cloacae және Klebsiella pneumoniae бар. Өмірге қауіпті E.coli бактериясы көбіне дене қызуының көтерілуін, құсуды және іш өтуді тудырады. Сонымен қатар биыл жарияланған бір зерттеу бұл бактерияны 50 жасқа дейінгі адамдар арасында тоқ ішек қатерлі ісігінің алаңдатарлық өсімімен байланыстырған.

Неге ыдысты түнге раковинада қалдыруға болмайды?

Мамандардың айтуынша, лас ыдысты түнге раковинада қалдыру денсаулыққа қауіпті. Себебі раковина бактериялар өте тез көбейетін ең қолайлы орындардың бірі. Ыдысты жылы суға салып қою кезінде жылы әрі ылғалды орта пайда болады. Мұндай жағдайда қауіпті бактериялар тез өсіп, адамға ауыр ауру жұқтыруы мүмкін.

Соның бірі E. coli бактериясы. Ол ағзаға түссе:

  • қатты іш өту,
  • құсу,
  • дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер туғызады.
  • Кей жағдайларда бұл бактерия өте қауіпті, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
  • Құрғақ қалдырсаң да қауіп бар

Невада университетінің қоғамдық денсаулық сақтау маманы доктор Брайан Лабустың айтуынша:

  • құрғақ жерде бактериялар көбеймегенімен,
  • олар тірі қалып, кейін қайтадан көбейе алады;
  • тағам қалдықтары жәндіктерді тартып, бактерияларды ас үйдің басқа жеріне таратады.

Қалай сақтануға болады?

Мамандар мына кеңестерді ұсынады:

  • мүмкін болса, ыдысты бірден жуып қою;
  • немесе ыдыс жуатын машинаны пайдалану ондағы жоғары температура бактерияларды жояды;
  • ас үй ысқыштарын жиі жуып, ыдыс жуатын машинада немесе микротолқынды пеште қыздырып тазалау;
  • шикі етті жумау, себебі су шашырап, бактериялар үстелге, ыдысқа, басқа тағамдарға тарауы мүмкін.

Неліктен бұл маңызды?

Ұлыбританияда жыл сайын 2,4 миллионға дейін адам тағамнан уланады. Тек мереке күндерінің өзінде ондаған мың адам дәрігерге жүгінеді. Тағамнан уланудың ең жиі себебі кампилобактериоз бактериясы. Ол көбіне:

  • диарея,
  • жүрек айну,
  • құсумен көрінеді және әдетте бір аптада басылады.

Алайда:

  • балалар,
  • қарттар,
  • иммунитеті әлсіз адамдар үшін
  • мұндай инфекциялар өмірге қауіпті болуы мүмкін.

Сонымен қатар тағамнан улану мемлекетке де үлкен шығын келтіреді. Ұлыбританияда жыл сайын шамамен 900 миллион фунт жұмсалады.


"Темірдің ағзаға сіңуіне кедергі жасайды": Диетолог шайды қай кезде ішкен дұрыс болатынын айтты


Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады


Еске салайық, бұған дейін әйел шала піскен ет пен жуылмаған жеміс-жидектердің салдарынан менингитке шалдыққанын жаздық. Дәрігерлердің айтуынша, листериоз көбіне шикі немесе шала піскен еттен, сондай-ақ жуылмаған көкөніс пен жеміс-жидектен жұғатын қауіпті бактериялық инфекция. Дерт жүйке жүйесін зақымдап, менингитке дейін асқынуы мүмкін. Мамандар тағамды толық термиялық өңдеуден өткізіп, жеміс-жидектерді міндетті түрде мұқият жууды ескертеді.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 29 Желтоқсан, 2025 10:25