Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар доллар мен рубльдің құлдырау себебін түсіндірді

Сарапшылар доллар мен рубльдің құлдырау себебін түсіндірдіФото: Видеодан  скрин

Доллар мен рубль күрт құлдырап жатыр. Америкалық валюта шамамен 7 теңгеге арзандады. Ал ресейлік рубль 6 теңгеден төмен түсті. Рубльдің бұл деңгейге дейін құлдырауы осы дан бір жыл бұрын тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Доллардың құлдырауын экономистер Орта Шығыс аймағындағы қақтығыстың күшеюімен байланыстырды. Шетелдік инвесторлар тәуекелге барудан қорқып, АҚШ-тағы активтерін жаппай шығара бастады. Өйткені Американың әлемде болып жатқан әскери әрекеттерге қатысы бар.

Мамандардың айтуынша, ресейлік рубль көршілес елде қаржылық тұрақсыздық болғандықтан түсіп жатыр. Атап айтқанда, сол елдегі валюталық резервтердің қысқаруымен байланысты болуы мүмкін.

Бұл жағдай Қазақстанның пайдасына шешілмек. Сарапшылардың болжамынша, доллар мен рубль құлдыраса біздің дүкендердегі импорттық тауарлар мен азық-түлік айтарлықтай арзандайды.

“Бұл жалпы экономика үшін жақсы. Яғни, біздің сөрелерімізде тұрған ресейлік тауарлар, азық-түлік пен кейбір өңделген өнімдер – барлығы маңызды. Жалпы алғанда, бұл жақсы. Баға төмендеуі мүмкін. Мұнай бағасы өссе де, рубль бір айдың ішінде 5-6% әлсіреді. Егер мұнай бағасы төмендесе, рубль одан да қатты әлсірейді. Әскери әрекеттер неғұрлым ұзақ жүрсе, АҚШ доллары да одан әрі төмендеуі ықтимал”, – дейді экономист Арман Байғанов.

Бұған дейін Қазақстанда доллар бағамы 479 теңгеге дейін төмендегені туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026 08:56