30 мың теңге үшін: Саран қаласында дүкеншіні аяусыз өлтірген ұрыға сот үкім шығарды
Коллаж Stan.kz
Саран қаласында дүкен сатушысын өлтірген 51 жастағы тұрғынға үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағандыда дүкен сатушысын өлтірген Саран қаласының 51 жастағы тұрғынына сот үкімі шықты. Сотталушы 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық іс бойынша үкімді Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев жария етті. 51 жастағы сотталушы Қылмыстық кодекстің “Қызметтік немесе өндірістік үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кіріп жасалған қарақшылық” және “Пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп танылды.
"Сот И-ді Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлімі 4-тармағы және 99-бабы 2-бөлімі 8-тармағы бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 192-бап бойынша — 8 жылға, ал 99-бап бойынша — 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-бөлігіне сәйкес жаза ішінара қосылып, түпкілікті 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", — деді судья Бекзат Шалғымбаев.
Сонымен қатар сотталушыға нашақорлықтан мәжбүрлі ем тағайындалды.
Моральдық шығын ретінде сотталушыдан жәбірленуші тарапқа 20 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шықты. Жәбірленуші тарап үкіммен келісіп отыр.
Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында Саран қаласында дүкен сатушысы өлтірілген болатын. 22 қаңтарда ер адам таксимен Қарағандыдан Саран қаласына келген. Бірақ таксидің жол ақысын төлеуге ақша болмады. Содан кейін ол ақшаны әкеліп, телефонды қайтарып алуға уәде беріп, ұялы телефонын уақытша тастап кеткен. Ол телефонын қайтарып алу үшін дүкеннен 30 мың теңге тонамақ болған. Дүкенде күзет болмаған.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
