Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сара Тоқтамысова: Айтыс әлемінде жүріп спорт саласына ауысып кеткен жоқпын

Сара Тоқтамысова бірнеше айдан бері әншілікке бет бұрған-ды. Желідегілер айтыскер ақын осылайша басқа салаға ауысып жатыр деп болжады. Алайда айтыскер тек өзі шығарған туындыларды орындап жүргенін тілге тиек етті.

16583237_382846755426145_4313954010680786944_n

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

– Сара ханым, жаңалықтарыңыз көп шығар? Соларды бөлісе отырсаңыз…

– Әлеуметтік желідегілер әр өнер адамының немен айналысып жүргенін біліп отырады. Қазір өзімнің туындыларымды әнші ретінде орындап жүрмін. Осыдан 2-3 ай бұрын “Ақеркем” атты туынды шығарған болатынмын. Оның тарихы туралы айтып та, жазып та жатырмын. Ал бүгін студияда “Әкешім, анашым” деп аталатын барша қазақстандыққа арналған туындымның тұсауын кескелі отырмын.

– Аталған әнге болашақта бейнебаян түсіру ойда бар ма?

– Қазір желіде көпшілігі “Сіз сонда әншілікке бет бұрдыңыз ба?” дегендей жазып жатады. Мұндай мақсат менде жоқ. Халық, ең бірінші, мені айтыс ақын қыз ретінде таниды. Осы мен үшін бірінші орында тұрады. Мен айтыс әлемінде жүріп спорт саласына кеткен жоқпын ғой. Айтысқа қара домбырамызбен, ешкімнің сүйемелдеуінсіз-ақ шығып жүрміз. Адам баласының жанына не жақын болса, сонымен айналысады ғой.

– Біраз болды айтыстың төрінен көрінбей кеттіңіз. Бәлкім, отбасылық жағдайлармен жүрген шығарсыз. Алдағы уақытта сізді айтыстан қашан көреміз?

– Иә, айтысқа шақырулар келіп жатыр. Айтыстан тысқары қалып жатқан жоқпын. Қатысып жүрген айтыстарымызды эфирден көрсетпей жатыр. Мысалы, Қызылорда облысында Тәуелсіздік мерекесіне орай үлкен айтыс болды. Шымкент қаласына Наурызға байланысты айтысқа шақырып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген “Дайдидау” әнімен жетінші кезеңде үшінші орын алды (фото, видео)

Әкешім, сені сағындым! Айсәуленің әкесі туралы жазбасы көптің көзіне жас келтірді

Баян Мақсатқызы: Маған қалай өмір сүру керектігін үйретпеңіздер

Димаштың есімі соңғы бір айда 64 448 рет аталған

Талқылау