Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сара Назарбаева Ұлттық госпитальде емін жалғастырып жатыр

сара назарбаева

Фото: Caravan.kz

Сара Назарбаева Алматыдағы Совминка деген атпен белгілі президент әкімшілігі медициналық орталығының ұлттық госпиталінде емделіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық госпиталь директоры Асхат Браловтың мәлімдеуінше, Назарбаеваға барлық қажет медициналық қызмет бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетіледі. Ол білікті мамандардың бақылауында.

Бұл ретте ол диагноз, денсаулық жағдайы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы ақпарат медициналық құпия екенін баса айтты. Мұндай деректерге қол жеткізу емделушінің келісімімен немесе заңда көзделген өзге де негіздер бойынша ғана мүмкін болады.

“Медициналық этика және кәсіби жауапкершілік қағидаттарына сәйкес, медициналық ұйымдар жеке медициналық деректермен жұмыс істеу кезінде құпиялық режимін қатаң сақтауға міндетті. Ақпаратты жарияламау туралы шешім пациенттің жеке өміріне қол сұғылмаушылыққа заңды құқықтарын қамтамасыз ету, жеке өмірін құрметтеу және емдеу процесіне ықтимал араласудан қорғау мақсатында ғана қабылданды", – деп түсіндірді аурухана басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін Сара Назарбаева Алматыдағы президенті әкімшілігінің медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ауыр халде жатқанын жазған едік. Кейін бірқатар БАҚ пен Telegram-арналар Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарата бастады.

Мұндай ақпарат 2024 жылғы желтоқсанда да тараған еді. Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай 27 желтоқсанда Сара Назарбаеваның қазасы туралы ақпаратты жоққа шығарып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 17 Шілде, 2025 16:10
Талқылау