Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев қытай инвесторларына шүйлікті

Ақтөбе облысының әкімі жұмысшыларын қысқартқан қытай инвесторларын жерден алып, жерге салды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

533892_1426839639

Сапарбаевтың ашуын туғызған, мұнай бұрғылаумен айналысатын «Ұлы қабырға» серіктестігінің бір жылда 500 адамды нәпақасынан айыруы. Қысқартуға іліккен мұнайшылардың барлығы Қазақстан азаматтары. Сөйтіп, қытайлық инвесторлар өз отандастарына тиіспеген. «Ұлы қабырға» компаниясы енді қалған 900 қызметкерін қалай асырайтынын білмей отыр. Әзірге олардың жұмыс уақытын азайтып, жалақыларын қиыпты.

«Ұлы қабырға» – аймақтағы мұнай алпауыты «СНПС-Ақтөбемұнайгаздың» мердігер компаниясы. Осы құрылтайшыларынан былтыр 100 миллион доллар көмек алғанымен, оны жұмысшыларының жағдайын жақсартуға жұмсамаған. Инвесторлар оны қарызды қайтару үшін Қытайға жөнелттік деп отыр. Осыған ашуланған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті халыққа пайдасы жоқ инвесторларды елден қуу керек деп шорт кетті.

“Барлық жерде жұмысшыларының айлығын көтеріп жатыр. Ал сіздерде керсінше қысқарту. Бізге мұндай компанияның түкке керегі жоқ. Қалған 900 адамға жұмыс тауып беретіндей мүмкіндігіміз бар. Үнемі осы «Ұлы қабырғаның» мәселесімен айналысудан басқа жұмысымыз жоқ па?  Керек болса, бұл компанияны жауып тастаймыз”, – дейді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.


Жіберіп алмаңыз:

Президент жолдауынан: Қытай Қазақстанда өндіріс орындарын құрады

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды

Елбасы: Ең төменгі күнкөріс шегі елдің тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуі тиіс

Президент халықтың ұсынысын тыңдауға 30 күн уақыт бөлді

Талқылау