Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ASIYA: кез келген қазақстандық ала алатын жаңа әрі отандық косметика бренді

Сұлулық – бұл гармония. Табиғаттың, технологияның, өткен мен болашақтың, мәдениет пен салттың гармониясы. Дәл осы философияны косметика өнімдерін шығаратын отандық ASIYA бренді өз жұмысының негізі еткен. Бренд сапалы, пайдалы әрі экологияға зияны аз сусабын, сабын сияқты түрлі косметика өнімдерін шығарады. Олардың нарықта жүргеніне ұзақ уақыт болмаса да, тауарларын тұрақты қолданатын тұтынушыларға ие болып, көптің көңілін жаулады. Stan.kz ақпарат агенттігі ұлттық өнімнің өзгелерден несімен ерекшеленетінін зерттеп көрді. 

Фото: Telli Ondiris

Қазір барлығында қарбалас: бәрі жұмыс істеп, оқып жүр, күн сайын дамып жатқан өмірдің қарқынына ілесуге барынша тырысып бағып жатыр. Дегенмен оған қоса адамдар өз күтіміне де аса мән бере бастады. Өйткені тән саулығы адамның өмір сапасына тікелей әсер етеді. Мұны ASIYA бренді жақсы түсінді. Сол себепті олар табиғи өнімдерден жасалған косметика өнімдерін шығарып жүр. Брендтің әр өнімі – уақыты мен денсаулығын бағалайтын адамдар үшін жасалған табиғи компоненттер мен заманауи технологиялардың үйлесімі.

ASIYA-ның тарихы 2008 жылы эколог Әсел Тасмағамбетова гомеопатика дәріханасын ашқанда басталған. Бұл — оның бірегей косметика өнімдерін шығару жолындағы алғашқы қадамы. Ал бүгінде бренд денеге, бетке, шашқа арналған түрлі сабын, сусабын және тағы басқа өнім әзірлейді. Тіпті, елімізде бұл өнімдерді жасап шығаратын TELLI ONDIRIS деген арнайы зауыт та салынған. Бренд косметикаларының бірқатар артықшылығы бар. 

Әсел Тасмағамбетова. Фото: Жанарбек Аманқұлов

Қазақстанның таулары мен даласында өсетін өсімдіктерді қосып жасайды

ASIYA бренді өнімдерінің ерекшелігі – еліміздегі таулар мен даласында өсетін табиғи өсімдіктер мен қоспалардан жасалатынында. Сабын, сусабын сияқты әр өніміне жусан, жөке, түймедақ қосылып, дайындалады. Осы әдістің арқасында белсенді заттар 50%-ға дейін сақталады. Оған қоса бұл әдіс барынша экологияны сақтауға көмектеседі және адам денесіне, шашына пайдасын тигізеді.

ASIYA бренді ұлттық құндылыққа, бірегейлікке аса мән берген. Мәселен, олар жергілікті өсімдіктер қосылған өнімдері арқылы қазақ даласының ерекше мұрасын бейнелеп отыр. Ал бренд атауындағы "А" және "Y" әріптерін қазақтың киізүйі мен тостағанына  ұқсатып жасаған. Осылай, олар қазақ дәстүрі мен мәдениетін, отбасылық құндылығын брендінің атауына арқау еткен. 

Қазақстандағы косметика шығаратын алғашқы зауытта жасалады

Өнімдерді Қазақстанның табиғатында бар өсімдіктерден ғана жасап қоймай, оны елімізде орналасқан зауытта әзірлейді. Былтыр маусымда осы косметика өнімдерін шығаратын Қазақстандағы ең алғашқы зауыт - TELLI ONDIRIS салынды. Зауыт халықаралық стандартқа сай етіп салынған. Онда озық технология құрылғылары мен Орталық Азияның экологиялық мәселелерді зерттеумен айналысатын институттың мамандарының қолдауы арқылы ашылған лабораториялар бар. Осылай, зауытта пайдалы өнімдер жасалынады. Мәселен, осы зауытта авторлық өнімдер – денеге арналған гель, сұйық сабын дайындалып шығарылған. 

Фото: Telli Ondiris

Қоршаған ортаға зияны аз

ASIYA бренді өнімдерінің құрамының 95%-ы Қазақстанда өсіп жатқан өсімдіктерден құралған. Десе де компания қоршаған ортаға зиянын тигізбеуге тырысады. Олар өнімді дайындау үшін зауытта таза табиғи газды пайдаланады. Тауарларына жануардың майын қоспайды. Тіпті, өнімді жануарға сынап көрмейді. Ал бұл – қазір тек Қазақстан емес, бүкіл әлем азаматтарын алаңдататын маңызды мәселе. Бренд мамандары адам ағзасына қауіпсіз әрі зияны жоқ химиялық формулаларды қолданып өндіреді, адам денесіне аллергия шығаруы мүмкін парабен-консервантты қоспайды. 

Сапалы әрі халал

ASIYA бренді косметикалары сапалы. Олар шикізатты алғаннан бастап, тауардың қорабына салынғанына дейінгі процесті жіті бақылайды. Оған қоса бренд өнімдері халал сертификатына ие. Қазақстанда ислам дінін ұстанатын азаматтардың көп екенін ескерсек, өте қажет фактордың бірі. Оған қоса халал өнім тек мұсылмандарға емес, өнімнің таза әрі табиғи екеніне назар аударатындар үшін маңызды. 

ASIYA бренді әрбір клиенттің өнімге сенім білдергенін, оның махаббатпен, қамқорлықпен әрі қоршаған ортаға құрметпен жасалғанын сезінгенін қалайды. Бұл косметика адамның денесін күтіп қана қоймай, өзі және отбасы үшін дұрыс таңдау жасап жатқанына сенім береді.  

 

Фото: Telli Ondiris

Кез келген адамға қолжетімді өнім

ASIYA — кез келген адамға қолжетімді өнім. Өйткені, біріншіден, косметикаларды Magnum, Galmart сияқты танымал сауда орындарынан алуға болады. Дене күтіміне арналған сапалы косметиканы сатып алу үшін арнайы косметика дүкендеріне, бутиктерге барып жүрудің қажеті жоқ. Бренд өнімдерін күнделікті үйге қажет тауарларыңызды алып жүрген жеріңізден таба аласыз. 

Екіншіден, бағасы тиімді. Өнім таза табиғи заттардан сапалы етіп жасалғанына қарамастан, құны тиімді, қалтаға ауыр салмақ түсірмейді. Оны адамдар тек өзіне емес, жақындарына, туған күндерге, мерекелерге, Жаңа жылға сый етіп алуына да болады. ASIYA сусабынын, сабынын сыйлап, жақын адамыңызға қамқорлығыңызды көрсете аласыз. 

Сонымен, ASIYA бренді ұлттық бірегейді сақтай отырып, еліміздегі табиғи өнімдерді қолданып, сапалы әрі экологиялы косметиканы шығарып, оны тиімді бағада сатуға болатынын дәлелдеп отыр. Олардың бұл шешімі брендті тиімді баға мен комфортты, өзінің денесін күткенді жақсы көретіндердің сүйікті өнімі етеді.

Талқылау