Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санжар Ташкенбайдың жеке жаттықтырушысы ұлттық құраманың бас бапкер қызметіне тағайындалды

ҚФФФото:ҚФФ

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов қызметінен кеткеннен кейін оның орнына жаңа бапкер тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық құраманың су жаңа бас бапкері Нұржан Насанов.

Нұржан Насанов екі дүркін әлем чемпионы Санжар Ташкенбайдың жеке жаттықтырушысы. Сондай-ақ ол бұған дейін Қайрат Сәтжановтың көмекшісі қызметін атқарған.

Енді Нұржан Насановтың жетекшілігімен Қазақстан ұлттық құрамасы биыл өтетін Азия чемпионатына және Азия ойындарына қатысады.

Нұржан Насанов 1975 жылы дүниеге келген. Ұлттық құрама сапында 2024 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал бапкерлік мансабын 2016 жылы бастаған.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Сәтжановтың бас бапкер қызметінен кеткені хабарлаған едік. Белгілі болғандай, ол денсаулығына байланысты бапкерліктен кетуге мәжбүр болған

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 09:47