Санжар Тәшкенбай Белградтағы турнирде топ жарды
Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Сербияның астанасы Белград қаласында өткен "Белград жеңімпазы" турнирінде чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Санжар Тәшкенбай Бранко Пашичті еске алуға арналға дәстүрлі турнирдің жеңімпазы атанды. Жарысты жартылай финалдан бастаған отандасымыз әуелі Рафаэл Лонсанодан басым түсіп, финалда жергілікті спортшымен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Санжар биылдыққа 51 келіде алғашқы халықаралық жарысында жеңімпаз атанып отыр.
Айта кетейік, Санжардан бөлек тағы үш боксшымыз алтыннан алқа тағып, төрт боксшымыз күміс жүлдегер атанды. Ернұр Қайрат (48 кг), Дәулет Молдашев (54кг), Диас Молжігітіов (75 кг) чемпион атанса, Сабыржан Аққалықов, Ерасыл Жақпеков, Данияр Рахымбердиев және Олжас Боқаев күмісті қанағат тұтты.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"

