Саңыраулар қоғамына қарасты қор басшысы бюджеттен 115 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандық саңыраулар қоғамының "Шығыс" корпоративтік қорының басшысын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Шығыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандық саңыраулар қоғамының "Шығыс" корпоративтік қорының басшысы алаяқтық жасады деп ұсталды.
Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп бюджеттен өзінің карта шотына 115 млн теңге көлемінде ақша аударды деген күдікке ілінді.
“Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сай, өзге ақпарат жарияланбайды”, – делінген хабарламада.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Алматы облысында "Шаңырақ" бірлестігінің жетекшісі Алмасбек Садырбай 1,2 миллиард теңге ұрлады деген күдікпен ұсталған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды