Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санасы сау еркектің 10 белгісі

Көптеген әйелдер көңіл-күй қақпанына түсіп, өзіне лайықты болмаса да, сезімін білдірген жігіттің дегеніне көне кетеді. Тек біраз уақыт өткен кезде барып қандай өрескел қателік жасағанын түсінеді. Егер әйел қателігін сол азаматқа жай ғана әңгімелесу арқылы түсіндіре алса, жігіт оны жіберсе, онда мейлі. Бірақ, егер ол санасы сау емес еркектің қолына түссе ше? Оған зиянын тигізер біреу болып шықса ше? Санасы сау азаматты қалай ажыратуға болады?

baby-22194_960_720

Бұл туралы mazhab.kz сайтында жазылды.

Күйеуге шықпаған қыздар мен тұрмыстағы әйелдер арасында: «Жақсы жігітке күйеуге шықсаң, өмірің жайнап кетер еді» дейтін сөз жиі айтылады. Бірақ тұрмыстағы әйелдің бәрінің күйеуі санасы сау деуге келмейді. Жақсы, оны өздерінің мәселесі деп қалдырайық.

Санасы сау еркек деген кім? Кім көріпті оны? Ондай асыл тұқымды қандай қорықта өсіреді екен? Өзгенің өмірін санаулы сәтте өзгертіп, жайнатып жіберерліктей олардың не қасиеті бар екен? Санасы сау еркекті кездестіргенше талай есуастарды көруге тура келетіні бар. Бұл болашақтағы бақыттың кармасы іспетті. Меніңше, ол жүрекке салмақ салатын тренинг, ол өмірлік сабақтарды сіңірмеу ғана – сұмырайларды көрген алғашқы отыз секундта-ақ бас айналып, жүрек лоқсуы тиіс, отыз бірінші секундта қыздың аяғы бізөкшеге қарамастан кері бұрылып, барынша жылдам қашуы керек.

Медальдың арғы жағы – санасы сау жігітті көргенде әйелдің ойында оны бас салу түйсігі оянуы тиіс. Айтылды ғой – ондай жігіттер аз деп. Сондықтан қолыңа жақсы жігіт түссе, бағала. Көзіңнің қарашығындай сақта. Бастысы, ыстық құшағыңда тұншықтырып алма.

1.Санасы сау жігіттің бірінші белгісі – өз қорқынышын жеңе алу қасиеті дер едім.

Жігіттерде де қорқыныш болады, олардың бұл құқығын жоққа шығармаймын. Жасанды ерлік те күтпеймін. Еркектер дәрігерлерден, жоқсыздықтан, төсектегі сәтсіздіктерден, жол апатынан қатты қорқады. Бастысы, санасы сау еркек бар үрейін басып, дәрігерге барып қаралады. Үнемдеуді үйренеді. Рөлге мас күйінде отырмайтын болады. Ара-тұра төсекте кемшіліктері болатынын мойындайды. Осының бәрін шешу өзінің ғана міндеті деп түсінеді. Өзгелерден көрмейді, кемшілік іздемейді.

2. Екінші белгісі – физиологияға деген түзу көзқарасын айтар ем.

Аптасына бір рет қана жуынып, сарымсақ пен терді – ең жақсы афродизиак санайтындарды айтпаймын. Егер әйелінің етеккірі аяқ астынан басталып кетсе, баласының іші өтіп кетсе, соның бәріне салмақты қараса, онда ол санасы сау жігіт. Өйткені, олар әйелдің тәнін сол күйінше қабылдайды. Әйелді өзінің жеке бактериофобиялық үрейі шегімен өлшемейді.

3. Еркек пен әйел психологиясының айырмасын түсінетіндігі.

Санасы сау жігіттер – әйел затының көңіл-күйге берілгіш, олардан гөрі болмысы күрделі, көп жағдайда күтпеген қылық танытатындығын қабылдайды. Табиғат бізді қалай жаратса, сол күйі қабылдай алады. Ешқашан ұнамайтын қылықтарды жіпке тізіп, ұрыс шығармайды. Неге? Өйткені, ер мен әйел арасындағы байланыстың бар ғажабы әр түрлілігінде емес пе? Бірдей болса, не қызық?

4. Не қалайтынын анық білетіндігі.

«Қазір ашпын, ұйқым келіп тұр, қатты шаршадым» дей алуы. Кешкі 11 қайтып келем, мынау менің соңғы бокалым. Солай шешті, солай істеді. Өмірлік қиындық туған кезде мұндай адамдар жылдам ойлап, түйткілді қай жағынан тез шешуге болатынын біліп тұрады. Оларды түзу жолдан тайдыру мүмкін емес. Мұны тағы «өзіңмен кері байланысты жақсы жолға қоя білу» деп те атайды.

5. Ақша үнемдеу мен ақша шашуға саналы көзқарасының болуы.

Мұқтаж кезде көмектеседі, қажетсіз нәрседен бас тартқызады. Өзін де, өзгені де. Саналы жігіттер құмар ойындарға жоқ, ондайды маңдай термен тапқан ақшаны денсаулықты жоғалтуға жұмсау деп түсінеді.

6. Олар өтірік айтуға жоқ.

Кеше достарынан қаншада кеткенін, қанша жалақы алатынын, басы бос па, жоқ па – ол ешқашан өтірік айтпайды. Ереженің бәрі өте қарапайым: басынан шындықты айтып, өзін ұрыс-керістен, өтіріктен құтқарады.

7. Ұрыс шығарғыш адамдармен бір тұрғысы келмейтін әдетінің болуы.

Біреудің өзіне ұрысқанын көріп, саналы жігіт ол адамның аузын жабады. Екіншіден, не мәселе екенін сұрайды. Үшіншіден, оны шешеді (қалай шешетіні мәселеге байланысты). Төртінші, төртінші қадам жоқ. Болуы да мүмкін емес. Сондықтан саналы жігіттермен ұрсысу мүмкін емес.

8. Махаббатқа ынталы болуы.

Олар махаббатты қабылдай алады, барлық мүмкін, мүмкін емес тәсілдермен қайтарып алады. Сезімнен басын алып қашып, түйеқұс сияқты өмір сүрмейді. Сараңдық бойында болмаған соң, үреймен күресетін әдеті мықты, мұндай азаматтар махаббатын романтикалық рухпен қартайғанша сүйе алатын қасиетке ие. Жұбайын бар адалдығымен сүйеді, жұрт көзінше ғана емес, әрдайым ынтымақты болуға тырысады: қиындықтан құтқарып, бекер ренішке жол бермейді.

9. Өзінің жіберген қателігін мойындай біледі.

«Қателестім, кешір» деуден тәжі түсіп қалмайтынын біледі. Екіншіден, жасаған қателігін түзетуге барын салады. Ендігәрі қателік қайталамауды мойнына алады.

10. Балаларына адал.

Кем дегенде өзінің кіндігінен тараған балаға. Ажырасу да, аспан айналып жерге түссе де, оны өзгерте алмайды. Ол әке болып қала береді. Нүкте.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған келіншек кешірім сұрады

Таразда сегіз жастағы қызды зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты

Сәбиді шапалақпен аямай сабаған әйел Өзбекстаннан табылды

Таразда қызға таласқан оныншы сынып оқушысы колледж студентін өлтіріп кетті

 

Талқылау