Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдан екі бірдей сән салонын ашқан кәсіпкер бизнес жүргізудің құпиясын бөлісті

Нұржәмила Назарбек – кәсіпкер, Алматыдан екі бірдей сұлулық салонының иесі. 20 жылға жуық осы салада қызмет еткен әйел бүгінде халықаралық ұстаз атағын алып үлгерген. Өз ісінің маманы Stan.kz тілшісіне сұхбат беріп, бизнесті неден бастау керегін және клиенттерді тартудың құпиясын бөлісті. Сондай-ақ басынан өткен қиыншылықтарын тілге тиек етіп, жаңа кәсіп бастағысы келіп жүргендерге кеңесін айтты.

 – Сән әлемі саласын таңдауыңызға не себеп болды?

 – Сән әлемі саласына келгеніме 17 жыл болды. 2004 жылы Қытай Халық Республикасынан Талдықорған қаласына отбасыммен көшіп келдім. Қазір халықаралық деңгейдегі ұстазбын. Білікті маманмын. Сонымен қатар 5 мыңнан астам шәкіртке жол бастап, кәсіпті үйренуіне көмектесіп келемін. Елге көшіп келген соң бастапқыда не істеймін деген сұрақ қатты мазалады. Шыны керек, неден бастарымды, қайда келгенімді өзім де түсінбедім. Бірақ қазақ еліне келген соң болашағымның жарқын болатынына сенімді едім. Келе салған кезде барлығы дайын болған жоқ. Ақырында Алматыға келіп, ауыр жұмыстар істедім. Бала да бақтым. Сол сәтте қандастарға арналған арнайы дайындық курстары жүргізілетін. Сол жерде шамалы білім алып, “маған не керек?” деген сұрақтың жауабын тапқандай болдым. Қазақстанда қыз-келіншектер көп. Кез келген қыз әдемі болғысы келеді. Сол себепті осы саланы дамытамын деген оймен ҚХР-ға қайтып барып, Үрімші қаласында косметолог мамандығын оқыдым. 

  – Кәсіпті қалай аштыңыз? Неден бастадыңыз?

– Қытайдан білікті ұстаздардан сабақ алып, Алматыға келгеннен кейін бір жылдай басқалардың қол астында тәжірибе жинадым. Содан кейін ғана өзім салон аштым. 2004-2005 жылдары косметолог мамандары аз болатын. Емдік массаж бен бет күтіміне сұраныс артып тұрған еді. Сол жағынан атойлап алға шықтым деп айтсам болады. Алғашқы салонымды базардың ортасынан ашқанмын. Клиенттерімнің қатарында тек қазақтар ғана емес, ұйғырлар, кәрістер, дүнгендер бар болатын. Кейін сұраныс артқан соң, танымал жұлдыздардың өтінішімен қаланың ортасынан ашуға шешім қабылдадым. Бүгінде осы екі салонға иелік етіп отырмын.
Мен әдемілікті жақсы көремін. Оның үстіне осы кәсіпті сүйдім. “Кез келген кәсіптен нәтиже шығару үшін әуелі оған махаббат болу керек” дегенді ұстазым үнемі айтатын. Міне, соның арқасында жаман болған жоқпын. Алматы қаласында белгілі кәсіпкер болып, өз саламды жүргізіп отырмын.

 – Бизнесте белгілі бір қиындықтарға тап болған кезіңіз болды ма?

– Алғашқыда жетілмеген маман болғандықтан, қорқыныш, үрей – бәрі болды. Айналып келгенде қандастарымыздың салонынан орын тауып, сол жерден көтерілдім десем болады. Егер қиындық болмаса, бүгінгідей дәрежеге жетпес едім. 

Әрине, кейде “бәрін қойшы” деп тастап кеткің келеді. Бірақ бизнеске деген махаббатым мені қайта айналдырып әкелетін. Егер бұл мамандықты ұнатпасам, бүгінде мен бұл кәсіпті жалғастырмас едім. Әсіресе карантин кезінде салондардың бәрі жабылып, жұмысшыларға ақша беру қиындап кетті. Жүріп тұрған бизнестің екі жыл бойы тоқтап қалуы – қиын жағдай. Дегенмен интернет пен озық технология дамып тұрған заманда шетелден үйреніп келген білімімді онлайн түрде пайдалана алдым. Үй жағдайында өзін күту, дене мен бет күтімінен сабақ беру арқылы сол қиындықтардан өттім. Сол себепті мен барлығына да әр қиындықтың шешімі болады деп айтар едім. Сол қиындықтар мен тәжірибенің арқасында қазір халықаралық деңгейдегі ұстазбын. 

  – 2004 жылы ұялы телефон, әлеуметтік желі танымал болмағаны белгілі. Клиенттерді қалай жинадыңыз? 

– Жұмысыма сенімді болдым. Бір клиентке қызмет көрсетсем, кейін ол міндетті түрде туысқандарын ертіп әкелетін. Ол кезде әлеуметтік желі дамымаған. Солай клиенттер базасы жасалды. 

– Бизнесіңізді ашуға қаржыны қайдан алдыңыз? 

– Басында қаржылай әкем көмектесті. Аз қаржыны үлкен қаржыға айналдыра алдым. Одан бөлек, шәкірт тәрбиеледім, басқа да қосымша табыс таптым. Осылай жүріп кәсібімді дамыттым. Бизнес бастаған кезде “мен бәрін дайындап алдым, бәрі маған келе қалады” деген қате ұғым болмауы керек. Біріншіден, кәсібіңізге деген тазалық, екіншіден, адамдарға деген қарым-қатынасыңыздың түзу болғаны жөн. Бізге күніне алуан түрлі әйелдер келеді. Біреуі шаршап келеді, біреуінің көңіл күйі жоқ болады. Соның барлығын күліп тұрып қарсы алуға тура келеді. Барлық адамға ұнау мүмкін емес. Тәжірибенің жинақталуымен бүкіл жағдайға бейімделіп, өз ісіңізді маманы бола аласыз. 

 – Ал Solva қай кезде пайдасын тигізді және бөлінген ақшаны қайда жұмсадыңыз?

– Solva микроқаржы ұйымының қызметкерімен осыдан үш жыл бұрын кезігіп қалдым. Ол маған  Solva-ныңтиімді шарттары мен мүмкіндіктерін ұсынды. Мен ол кезде біреуден артық қаржы алмайтынмын, өз қаржымды айналымға салып отыратынмын. Тура сол кезде маған салонға жаңа аппараттар кіргізу керек болды. Соларды алу үшін Solva-ның көмегіне сүйендім. Үш жылдан бері клиентімін. Solva-ның басқаларға қарағанда артықшылығы қомақты қаржы бере алуы болды. Яғни басқалар миллион теңгеден артық бере алмаса, Solva 4-5 миллион теңгеге дейін бере алады. Сонымен қатар тез уақытта шешім қабылдап, ақшаны жылдам беретіндіктен, осы компанияның таңдадым. 

– Бизнесіңіз қаншалықты бәсекелес әрі танымал? 

– Сән әлемі жарыс сияқты, үнемі бәсекелестік болады. Мен жеті елден білім алғанмын. Әр елдің техникасы мен білімін Қазақстанға алып келдім. Бәсекелестер өте көп. Сән әлемі 2007 жылдан бастап елімізде жоғары деңгейде дамыды. Біз бәсекелестерді қарсыластар деп емес, кәсіптестер деп айтамыз. Олардың саны неғұрлым көп болғаны дұрыс. Сонда ғана біз дамимыз, өсеміз. Халықтың да талғамы өскен. Кім қандай деңгейде жасайды, соған қарап бағалайды. 

 – Жұмыста сізді не шабыттандырады?

– Жұмысқа келген сайын әртүрлі адамдармен, жоғары білікті маман иелерімен, танымал жұлдыздармен кезігесің. Бірде өмірден түңіліп, артқа кетіп қалған шәкірттерім де болды. Соларға жол көрсетіп, кеңесімді, махаббатымды беру арқылы, жұмысымды үйрену арқылы үлкен ләззат аламын. 

– Командаңызда қанша адам бар? Қызметкерлерге қандай талап қоясыз?

– Бұрын мамандар таппай әуре болатынмын. Қазір керісінше мамандарды таңдап алатындай дәрежеге жеттім. Білікті маман болмаса, жұмысқа алмаймын. Өйткені қазір клиенттер сапалы маманды, сапалы жұмысты талап етеді. Instagram парақшамызды қарасаңыздар, қазақ еліне танымал жұлдыздар келеді. Өзгеде жоқ дүниеге сұраныс та көп болады ғой. Біздің басқа сұлулық салондарынан ерекшелігіміз – бір маманның бес-алты саланы қосып істей алуы. Мәселен, косметологиялық дүниелерді, макияжды, маникюрді, кірпік жалғауды – бәрін бір маман жасай алады. Кез келген клиент бір адамнан барлық қызметіне жүгіне алады. Қол астымда 15 қызметкер жұмыс істейді. 

 – Бизнесті жаңа бастаған кәсіпкерлерге қандай кеңес бересіз?

– Кәсіп бастайтын болсаңыз, алдымен ниетіңіз таза болсын. Сонымен қатар таза еңбекті талап етеді. Сол кәсіпке деген махаббат болуы керек. Тағы бір еске салатын жайт, сіз ашайын деп отырған кәсіп дәл қазір сұраныста бар ма, жоқ па, соны анықтап алғаныңыз жөн. Содан кейін өзіңнің ыңғайыңа қарай, бейіміңе қарай, қаржыңа қарай бірден көптен емес аздан бастаңыз. Уақыт өте келе көп жетістікке қол жеткізуге болады. 

"ОнлайнКазФинанс МҚҰ" АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасымен берілген 06.03.2023 жылғы № 02.21.0004.М. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы.

Басқа кәсіпкерлер жайында оқу

Solva-дан бизнесті дамыту үшін қаржыландыруды қалай алуға болатынын біліңіз

Талқылау