Ресми жауап қордың директорлар кеңесі құрамында дауыс беру құқығы бар тәуелсіз директор мәртебесінде Samruk-Kazyna Artificial Intelligence (SKAI) нейрожелісінің қатысуына қатысты реттеуші органға сұрау жолдаған Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығына (QAMS) жіберілген.
ҚНРДА жауабында "Акционерлік қоғамдар туралы" заңның 54-бабына сәйкес директорлар кеңесінің мүшесі тек жеке тұлға ғана бола алатыны айтылған. Аталған заң меншік нысанына немесе мемлекет қатысының болуына қарамастан барлық акционерлік қоғамдарға міндетті түрде қолданылады.
"Діни сұрақтарға жауап береді": Қазақстанда "ЖИ-имам" пайда болады
Сонымен қатар үкімет қаулысымен бекітілген “Самұрық-Қазына” АҚ-ның корпоративтік басқару кодексінде директорлар кеңесінің құрамына жасанды интеллекттің қатысуына жол беретін нормалар қарастырылмаған.
Агенттік қолданыстағы заңнама акционерлік қоғамдардың басқару органдарына жасанды интеллекттің қатысуыа рұқсат бермейтінін, ал мұндай шешімдер құқықтық түзетуді және нақты нормативтік реттеуді талап ететінін жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін “Самұрық-Қазына” қоры Астанада өткен Digital Bridge форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаевқа SKAI нейрожелісін таныстырып, оны дауыс беру құқығы бар өңірдегі алғашқы "цифрлық директор" деп жариялады. Алайда кейінірек жасанды интеллектіні директорлыққа сайлаған "Самұрық-Қазынаның" басы дауға қалғаны туралы жазған едік.
