“Самұрық-Қазына” компаниясының 2 мыңнан астам қызметкері "Мөлдір бұлақ" экологиялық акциясына қатысты

Қазақстанның барлық өңірінде "Мөлдір бұлақ" экологиялық акциясы өтіп жатыр. Науқанға “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қорына қарасты компаниялар тобының 2 мыңнан астам қызметкері қатысты.
Экоакция аясында бұлақтарды тазалау және абаттандыру, жағалауды тұрмыстық қалдықтардан тазалау және табиғатқа қамқорлық жасауға бағытталған басқа да іс-шаралар жүргізілуде.

“Таза Қазақстан” аясында жүзеге асырылып жатқан экологиялық бастаманы Қор мен оның портфельдік компанияларының өкілдері де қолдады. Мәселен, Астанадағы Президент паркінің аумағында Есіл өзенінің арнасын тазалауға 400-ден астам адам қатысты.
“Самұрық-Қазына” үшін ESG қағидалары мен әлеуметтік жауапкершілік – жай декларация ғана емес, стратегияның бір бөлігі. Біз тұрақты дамудың тәжірибелерін жүйелі түрде енгізіп, экологиялық мәселелерді Қазақстанның болашағына маңызды үлес ретінде қараймыз”, – деді “Самұрық-Қазына” АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Президенттің “Таза Қазақстан” бастамасы аясында “Самұрық-Қазына” компаниялар тобы ірі экологиялық бағдарламаны жүзеге асыруын жалғастырып келеді.

Жыл басынан бері Қор еліміздің әртүрлі аймақтарында ағаш егу, сенбілік ұйымдастыру, семинарлар өткізу және экологиялық ағарту бастамаларын қоса алғанда 300-ден астам іс-шара мен акцияны жүзеге асырды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жүйелі түрде жалғасады.

Айта кету керек, соңғы екі жылда “Самұрық-Қазына” компаниялар тобы 5,8 миллионнан астам ағаш еккен.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды