"Самұрық-Қазына" компаниялар тобы 1,4 триллион теңге дивиденд алды

“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры 2025 жылдың алғашқы үш тоқсанының қорытындысы бойынша аралық қаржылық есебін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша “Самұрық-Қазына” қорының кірісі 13%-ға өсіп, 13,55 триллион теңгеге жетті (өткен жылдың осы кезеңінде – 12,00 триллион теңге). Жалпы пайда 3,12 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейге жуық.
Ал таза пайда 2,52 триллион теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен (2,53 триллион теңге) салыстырғанда төмен көрсеткіш.
Жасанды интеллектіні директорлыққа сайлаған "Самұрық-Қазынаның" басы дауға қалды
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша “Самұрық-Қазына” компаниялар тобы жалпы сомасы 1,4 триллион теңге көлемінде дивиденд алды. Оның ішінде “Теңізшевройлдан” – 634,5 миллиард теңге, Азия газ құбырынан – 325,7 миллиард теңге, Каспий құбыр консорциумынан – 101,9 миллиард теңге және “Қазцинктен” – 78,5 миллиард теңге түсті.
Каспий құбыр консорциумынан (КҚК) төленген дивидендтер көлемі мен акционерлік құрылымына сүйенсек, жиынтық үлесі 34,75% болатын Ресей Федерациясы шамамен 185 миллиард теңге мөлшерінде дивиденд алған.
Еске салсақ, бұған дейін "Самұрық-Қазына" қорына жүргізілген тексеріс нәтижесінде 122 миллиард теңгегің тиімсіз пайдаланылғаны анықталған еді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады