Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Самұрық-Қазына" қазіргіден 10 есе көп табыс таба алады – Сарапшы Қазақстан экономикасына қатысты

Экономист Рахымбек Әбдәрахманов мемлекет кейбір шараларды қабылдаса, "Самұрық-Қазына" холдингі қазіргіден 10 есе көп табыс таба алатыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

видеодан скрин

Экономист Рахымбек Әбдірахманов Қазақстан экономикасын жақсарту үшін мемлекет тарапынан қабылдануы керек бірқатар шаралар туралы айтты. Солардың ең біріншісі “Самұрық-Қазына” холдингіне қатысты.  

“Бүгін қабылданса, бүгін-ақ нәтиже беретін шаралар да бар. Біз жақында әріптестерімізбен “Самұрық-Қазына” компаниясына қатысты салыстырмалы талдау жасадық. Бұл үлкен мемлекеттік холдинг Қазақстандағы көптеген стратегиялық бағыттардың акцияларына ие. Біз “Самұрық-Қазынаны” басқа компаниялармен салыстырдық. Талдау нәтижесінде “Самұрық-Қазынадағы” активтерді қайтару салыстырмалы басқа компанияларға қарағанда 10 пайызға төмен екенін анықтадық. Бұл егер басқару сапасы басқа болғанда “Самұрық-Қазынаның” 10 есе көп табыс табуы мүмкін екенін көрсетеді. Жай ғана басқару сапасын көтеріп, тиімсіз активтерден құтылу, жасалып жатқан жұмыстың ашықтығы, сатып алуларды реттеу шарасының өзі көп нәрсені өзгертер еді. Холдинг былтырдың өзінде 9 трлн теңгеге сатып алу жүзеге асырған. Бұл сатып алулардың жартысынан көбі бір жерден болған. Сәйкесінше бұл жемқорлық мүмкінгін арттарады. Осы бақылау, операциялық қызмет механизмдерін реттеу арқылы он есе көп пайда табуға болар еді”, – дейді Әбдірахманов.


"Самұрық-Қазына" 2023 жылы 1,7 триллион теңге пайда тапты: Бірақ қор мемлекетке дивиденд төлемеген


Сарапшы холдингтің былтырғы табысын мысалға келітіріп, бұл табыс 10 есеге көп болуы мүмкін екенін алға тартты. 

“Былтыр “Самұрық-Қазына” 800 млрд теңгедей пайда тапқан. Салыстырмалы компаниялардың жанында холдинг 8 трлн теңге табуға мүмкіндігі бар еді. Осы мәселелерге көңіл бөліп, жұмыс істегенде, біз Қазақстанның бюджетіндегі жетіспеушілік мәселесін Ұлттық қордан алмай-ақ, халықаралық көмекке жүгінбей-ақ шешетін едік. Мұндай жасалуы керек шаралар өте көп”, – деді ол. 

Еске салсақ, бұған дейін "Самұрық-Қазына" Боранбаевтың мұнай компаниясын төрт есе төмен бағаға сатып алған еді.

Талқылау