"Самұрық-Қазына" Қайрат Боранбаевтың бұрынғы компаниясын сатып алмақ
"Самұрық-Қазына" АҚ кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың бұрынғы “АзияГаз Чунджа” компаниясын сатып алмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

KASE Қазақстан қор биржасының сайтында "QazaqGaz" ҰК" АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында "Самұрық-Қазына" қорының “АзияГаз Чунджа” жарғылық капиталындағы 100% үлесін сатып алу мәселесі талқыланатыны туралы өтініш жарияланды.
Меншік құқығы ауысқаннан кейін QazaqGaz бір бағалы қағаздың бағасы 9,29 миллион теңге болатын 1000 жай акцияны орналастырады.
Еске сала кетейік, Боранбаев 2023 жылы 31 наурызда сегіз жылға бас бостандығынан айырылған еді. 14 қыркүйекте қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевтың 120 миллиард теңгенің мүлкін мемлекетке қайтарғанын мәлімдеген. Содан кейін, 15 қыркүйекте кәсіпкердің бас бостандығынан айыру мерзімі алты жылға қысқартылғанын хабарлаған.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды