"Самұрық-Қазына" 2023 жылы 1,7 триллион теңге пайда тапты: Бірақ қор мемлекетке дивиденд төлемеген
"Самұрық-Қазына" қоры 2023 жылы 1,698 трлн теңге таза пайда тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Самұрық-Қазына
KASE Қазақстан қор биржасының сайтында "Самұрық-Қазына" қорының қаржысы жазылған.
"Самұрық-Қазына" 1,6 триллион теңгенің 50 миллиард теңгесін "Қазақстан халқына" қорына бөледі. Ол қалған бөлінбеген кірісті қор мен еншілес ұйымдарға "инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру, борыштық міндеттемелерді өтеу және активтерді сатып алу үшін" қалдырады. "Самұрық-Қазына" қоры әзірге мемлекетке 2023 жылға дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.
2024 жылдың қаңтарында "Самұрық-Қазына" қоры өзінің жалғыз акционері – Қазақстан үкіметіне рекордтық дивиденд сомасын, яғни 2022 жыл үшін 238 млрд теңге жіберді. Бұдан кейін қор мемлекетке 460 миллиард теңге аударды, оның ішінде "Қазақстан халқына" қорына 67 млрд теңге кетті. Сәуірде "Самұрық-Қазына" қоры үкіметке 2022 жылға бөлінбеген пайдадан тағы 100 миллиард теңге дивиденд төледі.
2022 жылы "Самұрық-Қазына" қоры мемлекетке дивидендтер және басқа да төлемдер түрінде 302 млрд теңге (оның 170 млрд теңгесі дивидендтер), 2021 жылы – 156 млрд теңге, 2020 жылы – 180 млрд теңге жіберді.