Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Самұрық-Энерго" компаниясынан ақша жымқырған күдікті Ресей Федерациясынан экстрадицияланды

күдікті ресейден ұсталдыФото: Бас прокуратура

Ресейден 8,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен азамат Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу барысында аталған тұлға құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жалған шарттар жасасып, аффилирленген компаниялар арқылы ақша қаражатын аудару жолымен "Самұрық-Энерго" АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Аталған қаражат Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған еді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Осы жылдың ақпан айында ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.

"Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар осы жылдың мамыр айында әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Қылмыстық заңмен айыпталған әрекетті жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген хабарламада.


Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Жақып Асановтың іздеуде жүрген кеңесшісі Ресей азаматы болып шықты


Ойын бизнесіне заңсыз қамқорлық жасаған экс-шенді Түркияда ұсталды


Еске салайық, бұған дейін ресейлік блогер Алекс Леслиге іздеу жарияланғанын жаздық. Мәскеудегі қыздардың арызы бойынша тергеу басталды. Олардың айтуынша белгісіз ер адамдар оларға тиісіп, әрекетін видеоға түсірген. Тергеу барысында бұл Леслидің оқушыларына тапсырған ісі екені анықталды. Қазір ол Польшада жасырынып жүр.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 16:37
Талқылау