«Самұрық-Қазына» «Астана» ФК алдындағы қарызын өтейтін болды
«Самұрық-Қазына» қорының басшылығы «Астана» президенттік кәсіби спорттық клубының бас демеушісі болып табылады. Олар таяу күндері аталған клубтың футбол құрамасы алдындағы қарыздарын өтейтінін айтып, уәде берді.
Бұл туралы «Астана» ФК баспасөз қызметі хабарлады.
««Самұрық-Қазына» АҚ басқарма басшысы Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің өкімімен алдағы уақытта елордалық «Астана» футбол командасының футболшылары мен бапкерлеріне төленетін сыйақы бойынша қарызды өтеу үшін қаражат бөлінген”, — деп жазылған команданың ресми сайтындағы хабарламада.
Белгілі болғандай, Қазақстанның төрт дүркін чемпиондарына сыйақылар толығымен төленеді екен.
«Осылайша, Қазақстанның төрт дүркін чемпиондарына чемпионат матчтарындағы жеңісі үшін сыйақылар, премьер-лигадағы жеңісі үшін қосымша сыйақы толығымен төленетін болады», — деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз:
Иван Дычко «Супермэнді» алғашқы раундта нокаутқа жіберді
2017 жылдың «Үздік футболшысы» анықталды
Петропавлда тісін жұлдыруға барған келіншек орнынан тұра алмай жатыр
“Көк тудың желбірегені” әнімен танылған әнші кәсіпқой боксқа ауысып кетті (видео)