Samsung Solve For Tomorrow жүлдегерлері Қазақстандағы омарта шаруашылығын қалай қайта ойластыруда

Beelieve стартапының шығу тарихы, оның омарталарды дербес талдау жөніндегі жобасын Қазақстан Президенті және венчурлық инновациялар саласындағы сарапшылар атап өтті.
Beelieve стартап командасы мектеп табалдырғынан бастап-ақ өз өнертабысын дамыта бастаған үш сыныптас ынтагерлерден тұрады. Таразда туып-өскендіктен, олар кішкентай кехдерінен бастап аймақтың ауыл шаруашылығы әлемінде маңызды рөл атқаратын омарта саласы туралы көрген-білгендері мол еді. Оның үстіне балалар балды жақсы көреді. Осылайша оларда олардың жаңа технологияларға деген қызығушылығын және олар өмір сүретін аймақтың артықшылықтарын біріктіретін: Beelieve-ты құру туралы идея пайда болды.
“Идея пайда болған соң біз жергілікті омарташылармен әңгімелесіп, сұхбат жүргізе бастадық. Орташа алғанда, бір омартада 100-ден астам ара ұясы бар және омарташы оларды аптасына бірнеше рет қолмен тексеруі керек. Бұл көп уақыт пен физикалық күш жұмсауды қажет етеді”, – деп айтып берді Beelieve.
Beelieve бұл кез келген стандартты омартаның ішіне орнатылатын және аралардың температурасы, ылғалдылығы, салмағы мен белсенділігі туралы мәліметтер жинайтын омартаға арналған арнайы модуль. AI технологияларын енгізудің арқасында модуль аралардың өміріне тереңірек талдау жасауға және омарталарды қашықтан басқаруға көмектеседі.

Сонымен, өз идеясымен және жүргізген зерттеуімен қаруланған балалар Samsung Solve For Tomorrow стартаптар байқауына қатысуға шешім қабылдады. Алғашқы екі әрекет сәтсіз аяқталды, бірақ Beelieve еңсесін түсірмеді, өз идеясын аяқтап бітірді және үшінші жылы финалға өтіп, онда олар үшінші орынға ие болды.
“Solve For Tomorrow-ға қатысу Beelieve дамуына қатты әсер етті. Біріншіден, сарапшымен өткен менторлық сессия жобаға дизайнерлік ойлау тұрғысынан қарауға және оның тиімділігін арттыруға көмектесті. Екіншіден, біз құнды нетворкинг алдық, талантты қатысушылармен және осы уақытқа дейін қарым-қатынас жасайтын пікірлестермен таныстық”, – деп бөлісті команда қатысушылары.


Осы жылдың мамыр айында барлық қабылдау емтихандарын сәтті тапсырғаннан кейін жоба қатысушылары Beelieve жұмысына қайта оралды. Жоба бойынша жұмысты жалғастыра отырып, Beelieve Digital Bridge халықаралық форумы аясында бірінші AI Sana Generative Nation байқауына қатысуға шешім қабылдады.
Финалға өтіп, балалар жобаны сәтті ұсынып, 5 миллион теңге көлемінде жүлдені жеңіп алып, бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ, олар пленарлық отырысқа және “alem.ai.” Қазақстанның халықаралық жасанды интеллект орталығының ресми ашылуына қатысуға мүмкіндік алды. Отырысқа президентпен бірге, тағы да Павел Дуров, Питер Норвиг, Илья Стребулаев және Кай-Фу Ли сияқты технологиялар мен венчурлық инвестициялар әлеміндегі танымал тұлғалар қатысты.
“AI Week аясында өткен бүкіл апта біз үшін шынымен шабыттандыратын және сананы кеңейтетін болды. Digital Bridge-ге қатысу бізге мүмкін емес ештеңе жоқ екенін және ғажайыптар бар және болатынын көрсетті. Бұл тәжірибе біз үшін Beelieve-ті одан әрі сенімділікпен алға жылжытуға және дамытуға күшті серпін болды”.

Сонымен қатар Digital Bridge-ге дейін де Beelieve “Бал-Ара” ұлттық омарта шаруашылығы Одағымен ынтымақтастықты бастады. Қазір омарта шаруашылығы маусымы аяқталды, сондықтан команда өз жүйесін пилоттық іске қосу үшін Ақмола және Алматы облыстарының омарташыларымен келіссөздер жүргізе отырып, әзірге көктемде маусымның басталуына дайындалуда.
Осы жетістіктерден кейін команданың амбициялары мүлдем төмендеген жоқ. Түпкі мақсат – әлемдік деңгейге жету.

Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды