Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын өшіріп тастауға кеңес берді

Samsung Electronics компаниясы ұшақтар бортында бірнеше рет өртене бастаған Galaxy Note 7 телефонының сатылымын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді және барлық сатып алушыларға оларды өшіріп тастауды ұсынды.

20161011095924

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Reuters агенттігі оңтүстіккореялық компанияның мәліметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Samsung барша әлемдік серіктестерінен  ресми тергеу аяқталғанша Galaxy Note 7 телефондарының сатылымын тоқтатуды сұрады.

АҚШ сатып алушыларына арналған компания сайтында осы телефон моделін сатып алған барлық қолданушыға құрылғыны өшіріп, оны мүлдем қолданбау ұсынылды. Сонымен бірге, смартфонды Galaxy S7 моделіне немесе 25 доллар бонусымен Galaxy S7 edge-ге ауыстыру мүмкіндігі бары жазылған.

Бұған дейін Samsung “Galaxy Note 7” смартфондарының өздігінен жарылатынын айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде теракті жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесі ұсталды

Шымкентте түрме қызметкері қызды педофилден құтқарып қалды

Мұхамедиұлының студент қыздарға қырындайтынын Тұңғышбай Жаманқұлов та растап отыр

Назарбаев ауырып ем алып жатыр

Талқылау