Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саматәлі Төлтаев IBF-тің экс чемпионымен жұдырықтасады

Саматәлі ТөлтаевФото:instagram.com/irfin_promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Саматәлі Төлтаев (6-0, 3 КО) алдағы жекпе-жегін тәжірибелі вьетнамдық спортшы Хонг Куан Динге (12-2-1, 4 КО) қарсы өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұны Irfin Promotions промоутерлік компаниясы мәлімдеді.

Саматәлі кәсіпқой рингке 2024 жылы қадам басты. Осы уақытқа дейін алты айқас өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Саматәлі Төлтаев әуесқой бокста да айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Ол 2016 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде еншілеп, 2017 жылы Азия чемпионы атанды.

2019 жылғы ересектер арасындағы Азия біріншілігінде қола медаль алып, 2020 жылы Қазақстан чемпионы болды. Оның егізі Санатәлі Төлтаев та ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді.

Ал Хонг Куан Дин кәсіби мансабында маңызды белестерді бағындырған боксшы. Ол 2022 жылдың сәуірінде филиппиндік Делмар Педиоканды төрешілер шешімімен жеңіп, IBF Asia чемпионы атанды. Сол жылдың соңында Арнел Баконахеге қарсы айқаста жеңіске жеткенімен, салмақ дәрежесін сақтамауына байланысты чемпиондық белбеуінен айырылған еді.

Алдағы тартыс қос боксшы үшін де маңызды сынақ болмақ. Төлтаев үшін бұл халықаралық деңгейдегі тәжірибелі қарсыласпен күш сынасу мүмкіндігі болса, Дин үшін мансабын жаңа серпінмен жалғастыруға берілген мүмкіндік.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2026 00:13