Жанкүйерлері Самал Еслямованы әуежайдан ерекше салтанатпен күтіп алды (фото)
Канн фестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямованы жанкүйерлері сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жанкүйерлері актриса Самал Еслямова мен режиссер Сергей Дворцовты Назарбаев әуежайынан күтіп алды. Жанкүйерлер оларды Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» атты өлеңіне жазылған әнмен қарсы алды. Қазақы нақышта киінген жанкүйерлер Самал Еслямова мен кинорежиссердің көңілін көтеріп тастады.
Бүгін Самал Еслямова мен режиссер Сергей Дворцов және фильмнің продюсері гүлнәр Сәрсенова Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездеседі.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"