Салымшылар зейнетке деп жиған ақшасын “7-20-25” бағдарламасына қолдана ала ма
Салымшылар зейнетке деп жиған ақшасын “7-20-25” бағдарламасына қолдана ала ма? Елді қызықтырған сауалға Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Еліміздің бас банкирі бұл ұсынысты қолдамайтынын ашық білдірді. Себебі:
“Ұлттық банк бұл идеяны қолдамайды. Себебі тұрғындар БЖЗҚ-ға жинап жатқан ақша, олар еңбекке жарамсыз болып қалғанда қажет. Ол дәл қазіргі әлеуметтік проблемаларды шешуге арналмаған. Дәл қазіргі жағдайда біз бұл ұсынысты қабылдамаймыз”, – деді Ақышев парламент жиыны барысында.
Айта кетейік, бұған дейін Ақышев “7-20-25” бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу қажеттігін түсіндірді.
Тағы оқыңыз:
Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшалары банктер мен бизнеске берілетін болады
Банктерді банкротқа ұшыратқан қаржы институтының басшылары мен акционерлері жауапқа тартылуы мүмкін
“Астана банктен” ақшасын ала алмаған салымшылардың талмасы ұстап, құлап қалды
Ақмола облысында екі аптадан бері 18 жастағы қыз іздестіріліп жатыр