Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың ағасы алқабилер сотына қатысты ойын айтты

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдалым біткен соң Салтанат Нүкенованың ағасы ары қарай экс-министрдің ісін қарайтын алқабилер сотына қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: кадрдан скриншот

“Көбі алқабилер сотына наразы болып жатыр. Бірақ бұл жерде оларға ешкім кедергі бола алмайды. Бұл – оның (Бишімбаевтың – авт.) конституциялық құқығы, сол себепті оған сот та, біздің тарап, прокурор да, жалпы ешкім, тіпті оның адвокаттары да тыйым сала алмайды”, – деді Айтбек Амангелді. 

Сонымен қатар ол Бишімбаев қорғаушыларының өтінішінің ешбірі қанағаттандырылмағанын атап өтті. 

“Біріншіден, олар негізсіз. Жай ғана қаладым екен деп, мәлімдеме жасай салуға болмайды. Оған қандай да бір дәйек пен фактілер керек...Тергеу сапалы, бұзушылықтарсыз өтті. Бұл өте маңызды. Негізгі отырысты өткізу үшін материал жеткілікті… Сот шешімін оқып жатқан кезде жымиысымды жасыра алмадым, себебі әділ болды. Тергеу материалдарынан бейнежазбаларды, мен ұсынған суреттерді, хаттарды өшіру немесе қанағаттандырмау, яғни олар істі ақсатқысы келді және оны өте күмәнді жасады...”, – деді марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы. 

Бұған дейін бас прокуратура экс-министр Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша БАҚ-та сотқа дейінгі тергеу нәтижелеріне күмән келтіретін материалдар жарияланғанын атап өткен еді. 

Талқылау