Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Нүкенова өлтірілген күні мейрамхананы мемлекеттік күзет қызметі тексерген

Салтанат Нүкенова өлтірілген күні Гастроцентрге мемлекеттік күзет қызметі келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: yandex.ru

Бұл туралы сот отырысында куәгер мәлімдеді. 

"Гастроцентр" әкімшісі мейрамхананың түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейтінін, кешке ғимараттың бірінші қабатын түнгі күзетшіге өткізетінін айтты. Оның айтуынша, екінші қабат жұмысын жалғастыра береді және жалпы кіреберіс ашық қалады. Ол кісі өлтірген күні Бишімбаевты көрмегенін, сондай-ақ оның әйелін де көрмегенін атап өтті. Бұған дейін сотталушы балалармен бірге Гастроцентрдің бірінші қабатына келген.

“8 қараша күні мен ауысымнан кейін түнгі сағат бір шамасында кеттім. Мен BAU мейрамханасына қажет болмаса көтерілмеймін, менеджерді білемін. 9 қараша күні мен жұмысқа таңғы 10-да келдім. Байжановты көрдім. Сол күні ол маған қоңырау шалып, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды өшіруді сұрады, мен оны қалай істейтін білмейтінімді айттым", – дейді куәгер.

Ол басқару бөлмесінің кілтін қалай алғанын және әріптесінің бейнекамералардағы жазбаларды өшіре бастағанын айтты.

Куәгердің айтуынша, екінші қабатта болып жатқан оқиғаны бірінші қабаттағы қызметкерлер естімейді.

"Бірінші қабатта фондық музыка бар. Екінші қабаттағы мекемелер оқшауланған. Санитарлық күн бізге әсер еткен жоқ. Күзетші "Талан Тауэрсте" жоспарланған президенттердің кездесуіне байланысты мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері келгенін және мені шақырғанын айтты. Қызметкер ғимартты тексеріп шығуымыз керегін айтты. Біз бірінші қабатты айналып шықтық. Екінші қабаттың қызметкерлері келген соң екінші қабатты да тексеруге болатынын айттым", – деді куәгер.

Куәгер Нүкеноваға қатысты болған оқиға туралы полиция келген кезде ғана білгенін атап өтті. Бұл кезде мейрамханада кино түні өтіп жатқан, қонақтар фильм көріп отырғанда полиция ғимаратқа жүгіріп кіріп кеткендіктен әкімші қонақтарды тыныштандыруға мәжбүр болған. Бірінші қабат жұмысын жалғастыра беріпті. 

Еске салсақ, бұған дейін Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатқаны туралы жазған едік. Бүгінгі сот отырысында марқұмның ағасы қарындасымен жазысқан хаттарды оқып берді.

Талқылау