Салтанат: Қандай жетістікке жетсем де күйеуім мен ата-енемнің арқасында жеттім
Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева өнерімен жеке өмірін сәтті үйлестіріп жүрген әртістердің бірі. Салтанат мұндай жетістікке жетуіне бірінші күйеуінің және қайын жұртының қолдауы үлкен себеп болып отырғанын айтты,-деп жазады Stan.kz.
«Мен қандай жетістікке жетсем де күйеуім Нұржанның қолдауы деп білем. Ата-енем өнеріме ешқандай да қарсы емес. Жігітіммен танысқан кезде өнер адамдарының қандай екені туралы айттым. Енді біздің жанымызды түсініп, қолдау көрсете алады ма екен деген ниет қой. Бірден «Түсінем, еш қарсылығым жоқ. Керісінше маған ұнайды» деген кезде көзім бал-бұл жанып, оған жақындай түстім»,-дейді Салтанат.
Үшінші перзентін күтіп жүрген Салтанат үй шаруасына, бала тәрбиесіне көмектесіп жүрген ата-енесіне ерекше алғысын айтты.
«Ата-енем екі немересін бағып, олардың оқуы мен болашағына бар мүмкіндіктерін салып жатыр. Үй шаруасына жегіліп, өнеріме үлгермей қалған кезім болған емес. Тек балалар ауырып қалса анасын қатты іздейді. Сол кездерде бәрін тастап кішкентайларымның қасында болуға тырысамын.
Ал киноға түскен кезде түсірілім болатын жерде айлап жүріп қаламыз. Ондай кезде күйеуім өзіммен бірге жүреді. Оның осындай қолдауына алғысым шексіз. Сондықтан да Нұржанның армандарын екі етпей орындап отыруға, рақыметім есебінде, сыйлайтынымды көрсету үшін үнемі асығып тұрамын десем де болады»,-дейді Салтанат Бақаева.
Салтанат Бақаеваны қонаққа шақырған “Қалаулым” бағдарламасының жүргізушісі Аша Матай бұл отбасыны үлгі тұтатынын айтып қалды.
“Салтанатты бұрыннан жақсы танимын. Жақсы құрбылармыз. Мен негізі Нұржанды өте жақсы ер азамат ретінде танимын. Нұржанның қабағы түіліп қалса Салтанат өзі “Жан, Жан” деп еркелетіп, күлдіріп жіберетін өнері бар. Екеуі бірін-бірі өте сыйлайтын азаматтар. Өте қызығамын. Өзгелерге үлгі боларлық отбасы деп ойлаймын”,-дейді Аша Матай.