Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Қалиева: Танымал жұлдыздардың өзі де жылайды

Салтанат Қалиева “Ұят емес” бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

15877571_695687087268959_5236242712159584256_n

Фото: instagram.com/kaliyeva_saltanat_/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше ай бұрын басталған “Ұят емес” бағдарламасы көрермендерінің жүрегін жаулап үлгерді. Бұған Салтанат Қалиеваның парақшасындағы сұрақтар дәлел. Көпшілік аталған бағдарламаның жалғасы туралы сұрап жатыр.  “Ұят емес” туралы қаншама сұрақ! Шынайы білдірген көңілдеріңіз бен пікірлеріңіз үшін алғысым шексіз. Ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп өтейін. 1. Жалғасы бола ма? Тв-дағы кез-келген бағдарлама (жаңалықтан басқа) маусыммен (1,2,3 ай, жарты жыл, т.с.с.) көрсетіледі. Бұл негізінен бағдарлама рейтінгісіне байланысты. “Ұят еместің” 2-маусымы бола ма, жоқ па, мен білмеймін. Бұл сұрақты телеарнаға/жоба продюсеріне қойған жөн. Мен тек жургiземін.

2.Нумеролог. Менде оның байланыс телефоны жоқ. Өзім оған барған емеспін (жоба кезінде көрген жоқпын). Сондықтан, кешірерсіздер, сіздер туралы айтып беруін өтіне алмаймын. 3. Жобаның алға қойған мақсатын, біздің сұхбаттың айтар ойын дұрыс түсіне білген əйел қауымына өз ілтипатымды білдіргім келеді. Өмір болған соң, кез-келген адамның өмірінде қиындық болады.

Еңсемізді түсірмейік, қыздар. Елге танымал жұлдыздарымыздың өзі көз жасына ерік береді. Бұл ұят емес. Себебі, біз нəзікпіз, біз əйелміз. Мен сіздерді аз жылап, көп күлсе деймін! Өзіне деген шексіз махаббатты сезінсе деймін! Өздерін де, өзгені де сүйе білсе деймін! Ал шуақ боп шашылған махаббат ешқашан өлмек емес!” – дейді Салтанат Қалиева.

Бағдарламаның жалғасының болмауы мүмкін екенін білген желі қолданушылары наразылықтарын білдірді. Көңілдерінің түсіп кеткенін айтып өтті. “Баян ханымды қонаққа шақырмайсыздар ма? Әлде досыңыз болған соң шақырмай жүрсіз бе?”, “Сіз жүргізген бағдарлама өте керемет. Маған қатты ұнады”, “Бәлкім ер азаматтарды да осы бағдарламаға шақырамыз?”, “Сұрақтарымызға жауап бергеніңізге рахмет” деп жазды олар.


Жіберіп алмаңыз:

Танымал тележүргізуші Жанболат пен Жазираны өз әке-шешесіне ұқсатты (фото)

Диана Шарапова шымкенттік бойжеткенді лүпілімен таңғалдырды (фото)

Желідегілер суретте омырауы көрініп қалған Айсәуле Бақытбекті сынады (фото)

Бала Димаш қандай болды: Димаш өмірге келерде әжесіне аян берілген (фото)

Талқылау