Салтанат Бақаева төртінші ұлын дүниеге әкелді
Салтанат Бақаева көпбалалы ана атанды. Әнші әрі актриса кеше төртінші перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бақаева тағы да ұлды болды. Сүйінші хабарды әншінің өзі жеткізді.
"Құрбым Мақпалдың @makpalkaa кеңесімен толғақ басталысымен "Бақара" сүресін қосып қойған едім. Аллаға сансыз шүкір, көмегі тиді. Алланың қалауымен бәрі жақсы өтті.
Мені енді көпбалалы ана десеңіздер болады", - деп жазба қалдырды Бақаева желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Салтанат Бақаеваның жары Нұржан – кәсіпкер. Олардың Әмір, Әділ және Айтөре есімді үш ұлы өсіп келеді. Енді олардың қатарына тағы бір батыр қосылды.
Өткен жылдың қыркүйек айында Бақаева аяғының ауыр екенін жария етті. Көп ұзамай актриса гендер-пати жасап, ұл күтіп жүргенін айтты.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған