Салтанат Бақаева төртінші сәбиін күтіп жүр
Әнші, актриса Салтанат Бақаева төртінші сәбиін күтіп жүр. Қуанышты хабарды өнер иесінің өзі Instagram-да хабарлады, деп жазады Stan.kz.

"Қайырлы таң! Жақсы күн жақсы жаңалығыммен бөлісуге себепкер болып тұр. Баршаңызға тілерім тек жақсылық", – деп жазба қалдырды Салтанат.
Ол, сондай-ақ баланың жынысын жария етуге арналған гендер-патиден видео жариялады. Алайда кімді күтіп жүргенін құпияда қалдырды.
"Анасының рухы қолдап тұрған болар": Рахман Омар ұлын үйлендірді (видео)
Әріптестері мен фанаттары Салтанатты жарыса құттықтап, үш ұлдан кейін қызды болуын тіледі.
Айта кетейік, Салтанат Бақаеваның жары Нұржан – кәсіпкер. Олардың Әмір, Әділ және Айтөре есімді үш ұлы бар.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады