Салтанат Бақаева күйеуінің қатал мінезіне бола жылаған күндерін еске алды
Салтанат Бақаева алғаш рет отбасылық өміріндегі қиындықтары туралы айтып берді. Алғашқы жылдары әнші көп жылайтын болған екен. Жолдасының бастапқыда тым қатал болғанын жасырмады.
Сурет: Салтанат Бақаеваның жеке парақшасынан
Бұл туралы “Махаббат дастаны” бағдарламасында айтылды.
“Үйлену – оңай, үй болу қиын” деген рас. Жолдасым 30 жасында үйленді. Бұл жасқа дейін өзі би, өзі қожа болып келген. Кішігірім эгоистік мінезі бар. Бір күні гәстрөлдік сапарға жиналып жатып Нұржанның шкафынан бір сөмке көріп қалдым. Сөмкесін алып, ішіне киімдерімді салып жатсам, “Қой, оны мен Парижден әкелгенмін. Болмайды оны ұстауға” дейді. Мен бұл сөздерден кейін не дерімді білмей қалдым. “Сонда сен оны менен аяп тұрсың ба? Сен эгоиссің. Маған тіпті сөмкеңді қимадың” деп өте қатты ренжіген сәтім болды.
Жолдасым өзінің қателігін дереу түсініп, әзілдегенін айтты. Мен қырсығып алмай қойдым. Отбасымызды құрған кезде мен басында көп жылайтынмын. Бәлкім аяғым ауыр болғандықтан шығар. Бір шетінен мен өз үйімде еркелеп өскен қыз едім. Жолдасым басында қатал болды. Маған үйіме жұлдыз келді деп қараған жоқ. “Сен түзде әнші шығарсың, бірақ үйде келінсің, менің жұбайымсың” деді. Бір екі жылдай осылай болып, сабасына түсті. Мен де сабама түстім”, – дейді Салтанат Бақаева.
Бүгінде жарасымды жұп Әмір мен Әділ есімді қос сәбиді тәрбиелеп отыр. Тұңғыштары келер жылы бірінші сыныпқа қадам басады. Нұржан мен Салтанат алдағы уақытта шаңырақтарын нәрестелердің үніне толтырмақшы. “Бес бала боламыз деген жоспарым болған. Бала бағу қиын екен. Заман өзгеріп жатыр, алдағы уақытта қалай болатынын көреміз”, – дейді Нұржан мырза.
Жіберіп алмаңыз:
Дәурен Айдарқұлов келіншегімен бірге енді телехикаяға түспек
Айару Бақытбек “бес тонна бояу жағады” деп сөгетіндерге жауап берді
Ақбота Сейітмағамбет өзіне ренжіп жүрген продюсеріне жауап берді