Салтанат Бақаева алаяқ бойжеткеннің құрбаны болды
“Арнау” тобының солисі Салтанат Бақаева өзінің алаяққа алданып қалғанын айтты. Өзгелерге ол адамның сақтануға кеңес беріп, суретін жариялады.
Фото: instagram.com/saltanat_bakaeva/
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева Егамбердиева Әсем Сәбитқызына алданып қалғанын жеткізді. Бұл бойжеткен әншіге тиесілі заттарды алып кеткен көрінеді.
“Әсем, алған заттарыңды қайтар. Әйтпесе, полицияға арыз жазамын! Құрметті оқырмандар, абай болыңыздар! Мына суреттегі қыз сіздерді мені алдағандай алдап кетпесін”, -дейді Бақаева.
Тыңдармандары әншіге қолдау көрсетіп, алаяқ бойжеткеннің жазасын алуы керектігін айтып жатыр.
Салтанат Бақаева Нұржан есімді азаматқа тұрмысқа шығып, екі ұл тәрбиелеп отыр. Ол бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының актрисасы.
Оқи отырыңыз:
Салтанат Бақаева ағасының бәріне пайдасы тиер ақылымен бөлісті
Енесі: Алғашында Салтанат тамақ пісіре алмаймын деп шошытты
Салтанат Бақаева: Ата-енем барда жолдасым маған опасыздық жасамайды