Салтанат Бақаева үшінші сәбиін күтіп жүр
Салтанат Бақаева үшінші сәбиін күтіп жүр. Бірақ актрисаның жақын арада декреттік демалысқа кететін ойы жоқ.
Бұл туралы Zhuldyz.tv арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Арнаудан” кететін ойым жоқ. Топтың жұмысы әлі де жалғасуда. Бірақ әрине, бізде клип болмағандықтан, халық бізді іздейді. клиптің да уақыты кеп қалар. Оған сәтті ән күтіп немесе уақытын ұштастыратын кез келмеді әлі. Сондықтан Алла қаласа жұмыс әлі жалғасуда. Бәрі орнында. Декретке әлі ерте. Тіпті, декрет болса да, ол мені ешбір қорқытпайды. Өйткені мен декретте жүріп-ақ, баланы туа салып-ақ, әрі қарай жұмыс істеп жүре беремін.
Декретке кеткеннің өзінде, Салтанат ұзақ демалмайды. Тынымсыз еңбектену оның әдетіне айналған. Тіпті, тұңғышы өмірге келгенде әнсапар, сахналық қойылымдардан қол үзген жоқ. Ең әуелі, жұбайының қолдауы мен сенімі болса жеткілікті дейді ол.
“Бірінші ұлымды босанар алдында қатты қобалжитынмын. “Мен енді жұмыс істемеймін. Мені ешкім шақырмайды”, – деп ойлайтынмын. Бірақ бірінші баладан кейін олай емес екенін түсіндім, жұмыс әрі қарай жалғаса береді екен. Ең бастысы, қасыңда қолдап, түсініп отыратын жандар болса болды”, – дейді Бақаева.
Жіберіп алмаңыз:
Айгүл Иманбаеваның жұрттан жасырған сүйіктісі кім?
Досхан Жолжақсыновтың жас келіншегі өзін «тоқал» деп сынағандарға жауап берді
Гүлзира Айдарбекова қыз ұзатқанын сынағандарға жауап берді (видео)