Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салмағы 5 жасар баланікіндей қыз анорексияны жеңіп, инстаграм жұлдызына айналды (фото)

23 жасар Конни Инглис 10 жасынан бері анорексиямен күресіп келді. Үш жыл бұрын оның салмағы бес жасар баланыкімен бірдей болған. Қыздың жағдайы ауыр болған соң ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қуанышқа орай, ол ауруын жеңді. Сондай-ақ, Конни әлеуметтік желілерде суреттерін жариялап, басқаларды шабыттандыруда.

«Мен өлемін бе? әлде аман қаламын ба? ол жағын ойламадым. Менің тек қана салмақ тастағым келді. Кейін, бұл жағдайға қалай жеткенімді білмей, бір кездері өліп қалсам екен деп ойладым. Бұл менің ауыруымды қанағаттандыратын жалғыз нәрсе болды», – дейді Конни ауруы туралы.

Үш жыл бұрын ол үстіне кең киімдер киіп жүретін. Бірақ, оның  анорексиядан зардап шегіп келгенін ешкім білмеген.

«Мен өзімнің жағдайым туралы айналамдағыларға ештеңе айтқым келмейтін. Үнемі менде бәрі жақсы деп келдім»,-дейді қыз.

2015 жылы Конни ауыр жағдаймен Лидс қаласындағы Сент-Джеймс ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің болжамынша, оның бір аптадан артық өмірі қалмаған. Оған арнайы түтік арқылы тамақ беріп келген. Еркін қозғала алмағандықтан, мүгедектер арбасына таңулы болды. Конни салмағы қалпына келгенге дейін, алты ай бойы ауруханада емделді.

Ауруынан айыққаннан кейін бұрын жеуге жүрексініп жүрген тағамдарды жей бастады. Әлеуметтік желіде өзінің жаңа суреттерін жариялап, осы аурумен зардап шегіп жүргендерді шабыттандырды.

Ол 2016 жылы инстаграм желісінде my_life_without_ana парақшасын ашып, ауырған кездегі және қазіргі суреттерін жариялап жүр.

«Мен өзімнің дене мүшеме көңілім толмай, түрлі диеталарды ұстап келдім. Өзім қызығып келген қыздар секілді арық болғым келіп, спортпен де шұғылдандым. Қанша арықтасам да, ішімнің майы кетпей қойды. Ақыры соңында, өзім еліктеген қыздардың денсаулығында кінәрат бар екенін білдім. Бірақ, оны кеш түсіндім»,-дейді ауруды жеңген Конни.

Қазір қыз өмірден сабақ алып, басқаларға қол ұшын беріп, көмектесіп жүр. Ол барша адамдарға өздері қандай болса, солай қабылдасын дейді. Толықтық қыздарды сұлу қылып көрсететінін айтып, өзінің жасаған қателігін қайталамауға шақырады.

Жіберіп алмаңыз:

Қытай полициясы «ақылды» көзілдіріктің көмегімен 30-дан астам қылмыскерді ұстады 

14 жасар қыз отбасын құтқару үшін әкесін атып өлтірді

Америкалық мұғалім студенттермен жыныстық қатынасқа түсуге құқылы екенін дәлелдемекші 

Ер адам қате ДНҚ нәтижесінен кейін сүйіктісі мен ұлын тастап кеткен 

 

 

Талқылау