Салмағы 140 келі болған британдық жігіт журнал мұқабасына шығам деген мақсатына жетті (фото)
Ұлыбританияның Чертси қаласының 30 жастағы тұрғыны Дэниел Уиллер бір кездері 140 келіге дейін салмақ қосып, тіпті өз аяқтарын еңкейіп көрмей қалған. Осы кезде ол 3 жыл ішінде артық салмақтан арылып, Men’s Fitness журналының мұқабасына шығам деген мақсат қойды.
Көптеген адамдар Дэниелдың қол жетпес арманға ұмтылып жүргенін, оның журнал мұқабасына шыға алмайтынын айтқан. Алайда жігіт бұл жоспарын 2 жыл ішінде орындаған.
Бірінші кезекте, ол бұрынғыдай екі үлкен пицца мен 2 қат чипсы, 2 литр кока-кола ішпейтін болған. Ол тауық еті мен қызыл ет, жұмыртқа жеген. Сосын жүгірумен айналысқан. Жаттығу залына барып, денесін шынықтырған.
Ақырында 50 келі салмақ тастаған Дэниелды отбасылық мереке кезінде әжесі танымай қалған екен.
2012 жылдың қараша айында ол арманына жетіп, Men’s Fitness журналының мұқабасына шыққан. Алайда, ол достарының айырылып қалғанына қамығады.
«Шындығында, достар сенің толық болғаның үшін, сенің жаныңда өзі жақсы көрінуі үшін бірге жүреді екен», – дейді ол.
Айтпақшы, Уиллер осыдан кейін адамдарға көмектесіп, «Адам өмірін өзгертетеін фитнес» атты бизнесін қолға алған.
Жіберіп алмаңыз:
АҚШ-та салмағы 360 келі тартатын танымал балуан қайтыс болды
Сәбидің салмағы неліктен 7 келіге жуық болып туылғаны белгілі болды (фото)