"Еден жуушы болғым келмейді, салық төлеуге дайынмын": Қазақстандық әйел секс-қызметті заңдастыруды талап етті
Фото: Depositphotos
Алматы тұрғыны секс-қызметті заңдастыруды сұрады. Себебі қалада қыздар жұмыс істейтін 70 нүкте жабылып, бәрі жұмыссыз қалыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Заңдастырса салық төлеуге дайынмын”
Мұны алматылық Threads парақшасында жазды. Ол осы жұмыс үшін Жеке кәсіпкерлік (ИП) ашып, салық төлеуге дайынмын дейді.
"Алматыда шамамен қыздар жұмыс істейтін 70 нүктені жауып тастады. Олардың қатарында мен де, құрбыларым да бар. Бұл рейдті кейбірі есеп үшін ғана жүргізді. Ал олар бізді жұмыстан айырды. Енді осы істі заңдастыратын уақыт келді деп ойлаймын. Иә, бұл жұмысты саналы түрде таңдадым. Мен еден жуушы болғым келмейді. Енді клиенттермен кездесетін жаңа орындар іздеуіме тура келеді. Тіпті жеке кәсіпкерлік ашып, салық төлеуге дайынмын", – деп жазды ол.
Алматылық секс-қызметті заңдастырса зейнетақы жарнасын төлеп отыруға дайын екенін жеткізді.
"Жезөкше болудан ұялаймын. Бұл мен үшін жай ғана жұмыс. Біреу еден жуады, біреу өз ақылын сатады, ал мен өз тәнімді сатамын. Сұраныс бар жерде, ұсыныс бар. Миллиондаған адам тегін жасайтын істі мен ақшаға істеймін. Сондықтан да жұмыс орнымды жапқанына ішім ашиды. Иә, еңбек өтіліме жазылмайды, бірақ ең болмаса зейнетақы жарнасын төлей аламын", – деп жазды алматылық.
Әйелді қолдаған желі қолданушылары да табылды. Олардың ойынша, бұл “кәсіпті” заңдастырған жөн. Себебі олар да үкіметке салық төлеуі тиіс деп санайды.
"Секс-қызметті заңдастыруды қолдаймын. Себебі ол осы “кәсіп” өкілдерін тұрақты түрде тексеруден өткізуге, денсаулығын бақылауға алуға мәжбүр етеді. Сонымен қатар, оларды мінезі нашар клиенттерден қорғайды. Бюджетке салық түседі. Бұл кәсіп бұрыннан бар. Мен мұндай жолға түскендерді қолдамаймын, бірақ заңмен реттелгені дұрыс".
"Кешірім өтінемін. Бұл саладағы қыздар кейде ер адамдарға жалғыздықтан құтылуға, күйзелістен арылуға, физиологиялық қажетін өтеуге көмектеседі. Оның үстіне, қоғамның қысымы мен заң тарапынан қудалауға ұшырайды. Сондықтан неліктен мұны ашық мойындап, көлеңкеден шығарып, ресми етуге болмайды? Салықтан түскен қаражатпен мектеп салып, зейнетақы төлеуге болар еді".
"Шынымды айтсам, авторды толық қолдаймын. Оларды заңды түрде мойындап, құқықтары мен жауапкершілігін белгілеу керек. Өйткені билік халықты жұмыспен қамтамасыз етпей отыр, өндіріс жоқ, жалақы аз. Қазір олар көлеңкеде. Олардың табысын сутенер мен полицейлер алып отыр. Негізінде салық төлеп, ресми медициналық тексеруден өтіп отырса болады. Ал онымен күрес бос әурешілік қана".
"Бұл "кәсіпті" баяғыда-ақ заңдастыру керек еді. Олар да салық төлесін, экономиканың дамуына үлес қоссын! Медициналық сақтандыру сатып алып, дәрігерге тұрақты қаралып тұрсын. Қоғамда жұқпалы аурулар да азаяр еді. Ал еркектер бұрыннан оларға барып жүрген, бара береді де. Ең көне кәсіп қой, несін жасырамыз".
"Әркім өзі қалаған салада жұмыс істеуге құқылы. Заңдастыруды толық қолдаймын. Барлық елде қызметкерлер айына 2 рет медициналық тексеруден өтеді, салық төлейді, мүшеқап қолдану қадағаланады. Егер заңдастырылса клиент оларды ұрып-соға алмайды, ақшасын төлемей кетіп қалмайды. Себебі олардың құқығы заң жүзінде қорғалады. Мораль тұрғысынан көп нәрсе айтуға болады. Бірақ бұл – ең көне кәсіп. Бұрын болған, бар және бола береді. Өйткені сұраныс ұсынысты тудырады".
“Әйелдің денесі тауар болмауы керек”
Ал келесі топ бұл “кәсіпті” заңдастыруға қарсы. Себебі “әйелдің” денесі тауар болмауы керек дейді.
"Егер мұны заңдастырсақ, сосын зоофилия, педофилияны заңдастырамыз. Әйелдің денесі “тауар” болмауы керек. Сіз үшін бұл норма екені өкінішті. Өз тәніңізді сату арқылы әйелдің денесі сатып алуға болатын “объект” деген түсінікті енгізесіз. Тағы да айтайын, біздің жүйенің мәселесі тек әйелде. Ал оларды пайдаланатын клиенттерге ешқандай шара қолданылмайды. Сұраныс болмаса, ұсыныс та болмайды".
"Еден жуатын қызды сенің жағдайыңмен салыстырсақ, ол қандай қиындық көрсе де өз биігінде қалады. Қанша ақша тапсаң да, қандай киім кисең де түбінде бұл мәселеден шыға алмай қаласың".
"Бұл "кәсіп" азғындықтан пайда табады. Ал азғындықтың негізі – азғыру. Азғыру – адамның әлсіздігіне сүйенеді. Бұл түптің түбінде зорлыққа, дөрекілікке, опасыздыққа алып келеді. Бұл "кәсіп" ер адамда ешқандай жақсы қасиет қалыптастырмайды. Әйелді сатып алатын еркек жайлы не айтуға болады? Ештеңе. Секс-қызмет заңдастырылса, бұл қоғамды моральдық құлдырауға әкеледі".
"Егер заңдастырылса, онда еселеп салық пен айыппұл төлейсіздер. Сонымен қатар, аптасына бір рет медициналық тексеруден өтіп, анализ тапсыруға міндетті боласыздар. Енді оны сіздерге заңдастыру тиімді ме, ойланып көріңіздер!?".
"Заңдастыруды қолдап отырғандар, жағдайды түсініп отырсыздар ма? Егер заңдастыратын болса көп қыздар “сол жаққа” кетеді. Олар “оқып, жұмыс істеп, еден жуғанша сол салаға кетейік” деп ойлайды. Бұл кәсіпті "заңтастырудың" қажеті жоқ. Егер заңдастырылса тез арада жемқорлық схемасына айналады. Оның орнына мұндай қызметке жүгінетін клиенттерді айыптау керек".

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
