Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салық төлеуден жалтарып, бюджетке 400 миллион теңге залал келтірген қазақстандыққа іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Бойко Михаил Адамовичқа іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Агенттік мәліметінше, ол Қылмыстық кодексітің 245-бабы 3-бөлігі (Салық төлеуден жалтару) және 218-бабы 3-бөлігі (Қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру) бойынша қылмыс жасады деп күдіктеліп отыр. 



Бойко балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемеген. Осылайша ол мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген. Қаржылық мониторинг агенттігі күдіктіге қатысты мәлімет ұсынғаны үшін сыйақы тағайындалатынын мәлімдеді. 

“Егер сіз іздестіріліп жатқан азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, бізге хабарлауыңызды сұраймыз.

+7-701-218-05-23, +7-701-121-47-65 -  азаматтарды іздестіру бойынша, +7-7272 - 79-29-56 - кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік береміз”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында салық төлеуден жалтару мақсатында тауарларды жасырын әкелмек болғандар анықталғаны туралы жазған едік.

Талқылау