Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәлем, Neo: Жаңа қолжетімді MacBook сатып алуға 5 себеп

Сәлем, Neo: Жаңа қолжетімді MacBook сатып алуға 5 себеп

Apple компаниясы өте қолжетімді бағамен MacBook Neo үлгісін таныстырды. Бұл қысқартылған нұсқа емес, толыққанды MacBook: алюминий корпус, үйреншікті macOS жүйесі және Apple ноутбуктарынан күткендей барлық мүмкіндіктер бар. Осы қызық жаңашылдықты сатып алуға тұрарлық бес себепті ұсынамыз.

1. Таңғаларлық дизайн

MacBook Neo Apple-дың дәстүрлі стилін сақтайды: оның корпусы тұтас алюминийден жасалған. Ал осы баға санатындағы көп ноутбуктар көбіне пластикпен шектеледі. Тіпті қақпағындағы логотип те жылтыратылған болаттан емес, анодталған алюминийден жасалған.

Құрылғының төрт түрлі түсі бар: Silver, Citrus, Blush, Indigo (күміс, цитрус, қызғылт және индиго). Осылайша құрылғы толық премиум деңгейдегідей әсер қалдырады. Әсіресе, металлға тән жылтыры бар жаңа цитрус түстісі өте ерекше әрі реңкті болып көрінеді.

Жаңа түрлі-түсті палитрамен қатар, MacBook Neo пернетақтасы да құрылғы түсіне сай үйлестіріліп жасалған – ақ түсті, бірақ корпустың реңкіне сәйкес жеңіл бояуы бар. Бұл деталь брендтің әрдайым ұсақ-түйекке дейін мән беретінін көрсетеді.

Түс концепциясы macOS жүйесінде де бар – түсқағаздар, бума белгішелері, диалогтық терезе батырмалары – бәрі құрылғы түсімен үйлеседі. Басқа өндірушілер “темірге” бола дизайн мен жинақ сапасынан үнемдесе, MacBook Neo-ның сыртқы келбеті де мінсіз, өнімділігі де жоғары.

2. Жарық экран

Экранның ажыратымдылығы 2408 × 1506 пиксель, ал пиксель тығыздығы – 219 ppi, яғни әр дюймге 219 пиксель орналасқан. Бұл баға санатындағы көп ноутбуктардағы стандартты 1080 өлшем экранға қарағанда бейнені айқын, анық және сапалы етіп көрсетеді.

Жарығы – 509 нит, бұл бюджеттік бәсекелестердің 250-300 нит шамасымен салыстырғанда екі есе жарқын. Экран таза, жақтаулары мінсіз және артық элементтер жоқ. Барлық кеңістік тек видеоға арналған.

3. Толыққанды macOS

MacBook Neo Apple-дың әлдеқайда қымбат құрылғыларында қолданылатын сол macOS жүйесімен жұмыс істейді:

  • Кез келген Mac-қосымшаларды іске қосуға;
  • iPhone немесе iPad құрылғыларын екінші монитор ретінде қосуға;
  • AirDrop және iMessage қызметтерін пайдалануға болады – бәрі қолжетімді.

Neo пайдаланушысының кез келген басқа Mac иесімен бірдей тәжірибе алуға мүмкіндігі бар. Бұл, бәлкім, құрылғының басты артықшылығы.

Сәлем, Neo_ Жаңа қолжетімді MacBook сатып алуға 5 себеп

4. A18 Pro чипі

Қақпағының астында iPhone 16 Pro-дағы ең қуатты мобильді чип – A18 Pro орналасқан. Бенчмарк нәтижелеріне қарағанда, бір ядролы өнімділікте MacBook Neo M3 пен M4 арасындағы орында, ал көп ядролы өнімділік пен графикада M1 деңгейінде. Бұл күнделікті тапсырмалардың басым бөлігін орындауға толық жетеді.

Қосымшалар әп-сәтте ашылады, анимациялар біркелкі, құрылғы жылдам жұмыс істейді. Пассивті салқындату жүйесі жұмыс кезінде дыбыс шығармайды. Чипті Apple Intelligence-те де қолдануға болады: macOS жүйесіндегі барлық жасанды интеллект функциялары құрылғыда тікелей жұмыс істейді, бұлтқа тәуелді емес.

5. Күні бойына жететін батарея

Құрылғымен 16 сағат видео көріп, толық оқу немесе жұмыс күнін тоқ іздемей өткізуге болады. Салыстыру үшін айтсақ, осы баға санатындағы көп ноутбуктар шамамен 8 сағатқа ғана жетеді.

MacBook Neo кімге кімге керек?

Бұл құрылғы барлық адамға дерлік жарайды, бірақ ең бірінші кезекте студенттерге керек. Берік корпусты ноутбукты күнделікті рюкзакпен тасымалдауға болады, қуаты бірнеше сағатқа қосымша зарядсыз жетеді, ал жарқын экраны аудиторияда да, көшеде де жақсы көрінеді.

Apple экожүйесіне енгендерге де өте қолайлы. Егер сізде iPhone немесе iPad болса, MacBook Neo бұл құрылғылар арасындағы толық мүмкіндікті ашады:

  • Қоңыраулар мен хабарламаларды тікелей ноутбуктен, файлдарды бірден AirDrop арқылы жіберу;
  • iPad екінші монитор ретінде қолдану.

Барлығы қораптан шыққан күйде, қосымша баптауларсыз жұмыс істейді.

Сәлем, Neo: Жаңа қолжетімді MacBook сатып алуға 5 себеп

MacBook Neo қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер мен фрилансерлер үшін де тамаша таңдау, олардың жұмысы көбіне браузер, мессенджерлер, кестелер мен құжаттарға негізделген. Мұндай тапсырмалар үшін Neo-ның қуаты толық жеткілікті.

Егер сіз ұзақ уақыт MacBook алуды армандап жүрсеңіз, бірақ бағасы тым қымбат болса – Apple өнімін толық тәжірибеден өткізіп көруге керемет мүмкіндік, әрі бағасы да өте қолайлы.

Қорытынды

Бағасы қолжетімді болғанымен, MacBook Neo – мүмкіндіктерінде шектеуі жоқ, қысқартылмаған құрылғы. Бұл – жарқын экранды және тамаша өнімділігі бар сапалы ноутбук.

Бұл “бюджеттік” емес, жай ғана MacBook. Бұрын тек армандауға болған бағадағы ноутбуктің 256 ГБ жадысы бар моделі небәрі 407 990 теңге тұрады.

Қазақстанда MacBook Neo-ға 20 наурыздан бастап алдын ала тапсырыс беруге болады, ал сатылымға 27 наурызда шығады. Алдын ала тапсырысты Apple-дың ресми серіктес дүкендеріне беруге болады: iSpace, Sulpak, Technodom, Mechta, Evrika.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026 09:00