Церебральды сал ауруына шалдыққан Кирилл махаббаттың арқасында жарқын болашаққа деген үмітін жоғалтпады. Ол бала күнінен церебральды сал ауруынан зардап шеккендіктен оның өмірлік жолы белгілі болатын.
Дәрі-дәрмек, ота секілді емдер ол үшін қалыпты жағдайға айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Мен тіпті кофе де іше алмаймын. Ол толтырылып тұрса төгіп аламын»,-дейді Кирилл.
Кирилл 21 жасында колледжде оқып жүрген кезінде болашақ қалыңдығы Настямен танысқан. Ғашық болған жігіт сүйіктісімен қыдыру үшін ата-анасынан ақша сұрауды ұят санаған. Тәуелсіз болуды қалаған Кирилл жұмыс іздеуді жөн көрген. Алайда, ол қай жерге барса да оны ешкім жұмысқа алғысы келмеді.
Сол уақытта сүйіктісі Настя жігітіне қолынан келетін істі жасауға кеңес берген. Болашаққа сенген Кирилл еш қиындыққа қарамай кәдесый жасауды үйреніп, оны көшелерде сата бастаған. Сонымен қатар, ол жасаған әрбір жәдігеріне тілек жазылған хат салып отырған.
Бір күні Кишинёвта қатты дауыл тұрып, Кириллдің өз қолымен жасаған кадесыйларын ұшырып әкеткен. Бірақ жігіт алдынан қандай кедергілер шықса да, еш мойымай өз ісін жалғастыра берген.
Ол күн сайын бақытты болашаққа қол жеткізу үшін алдынан шыққан қыйындықтармен күресуде. Бойы күш-жігерге толы Кирилл емінен сауығып кету үшін еңбектенуден жалықпайды. Ол өзіне үміт отын сыйлаған сүйіктісіне арнап ән жазып, ғаламторға видео жүктеп отырады.
Қолынан бәрі келетін жігіт болашақта кәдесый жасайтын мектеп және кәсіпорын ашуды армандайды. Бұл мектеп мүгедектігі бар кез келген адамға арналған.
«Көңілдеріңізді түсірмеңіздер. Бастысы алдарыңызға мақсат қойыңыздар. Мақсатыңыз болса оны жүзеге асырып, арманыңызға қол жеткізіңіз»,-дейді Кирилл.
Оқи отырыңыз: