Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сахнаға іш киіммен шығатын атышулы төрттік енді трио боп қалды

Сахнаға іш киіммен шығудан жасқанбайтын «Джейран» тобының құрамы өзгерді. Атышулы төрттік енді трио боп ән салмақ. Себебі квартеттегі Кармела бақытын тауып, тұрмыс құруға дайындалып жатыр.

джейран енді трио

Бұл туралы “Гәкку” арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Жаңалық деп айтса да болады. Қазір көріп тұрсыздар, біз үшеуміз. Өйткені осы қыркүйек айында Кармеланы Құдай қаласа шашбауын көтеріп, құлағына сырға салып, шығарып салайын деп жатқан жайымыз бар”, – дейді “Джейран” тобының әншісі Алтынай Жолдыбаева.

Иә, дұрыс естідіңіз. Топтағы Кармела өз бақытын тапқан. Алайда “Джейран” енді трио боп қала ма әлде квартет боп қайта құрыла ма, ол жағы әлі белгісіз.

«Қыркүйек айының соңынан бастап бәлкім біз жұмысымызды үшеу болып жалғастырамыз, гастрөлдік сапарларға да шығамыз, бәлкім Жаңа жылды да үшеу болып атқарамыз. Бәлкім Жаңа жылдан кейін кастинг жариялаймыз. Ол әлі үлкен сұрақ… Ол енді біздің продюсеріміздің көңіл-күйіне байланысты», – дейді топ мүшелері.

Айта кетейік, аталған топтың продюсері Баян Есентаеваның туған күйеубаласы. Әділжан Юсупов – Бағым Мұхитденованың күйеуі.

Жіберіп алмаңыз:

Жанкүйерлерге Қайрат Нұртастың киімі ұнамай қалды (фото)

Мен мұндайды кимес едім: Баян Луинаның киіміне қатысты пікір білдірді (видео)

Медеу Арынбаев бірнеше жылдан бері үйленбей жүруінің сырын ашты

Ақбота мен Дәуреннің қандай сериалға түсіп жатқаны белгілі болды

Талқылау