Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сәкеннің келіні болудың өзі – мәһр": Сәкен Майғазиевтің келіні мәһрге не сұрағаны белгілі болды

Фото: https://www.instagram.com/adiyassn/

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия Мәулен күйеуінен мәһрге не сұрағаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хаабрлайды. 

Жас келіннің алтын сақина сұрағанын көпшілік жылы қабылдады. 

Үйлену тойындағы неке қию кезінде имам "Мәһрге не қалайсың?" деген сұрақ қойған сәтте, жас келін "Алтын сақина" деп жауап берген. Бұл жауаптың бейнежазбасы TikTok және Instagram желілерінде кең тарады.


  • "Алладиндей ұшырайын деді ме": Сәкен Майғазиевтің келіні кілемде отырып ұзатылды (видео)

  • "20 жыл бұрын келіппіз": Жазира Байырбекова әріптесі Сәкен Майғазиевтің келінін танитын болып шықты


Желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Олар жас келіннің өнегелі отбасынан екенін жарыса жазды.  

“Жұрт вилла сұрайтын заманда сақина сұрағаны жақсы болды”, “Тәрбиелі, қазақ отбасында өскен қыз екені көрініп тұр”, “Сәкеннің келіні болудың өзі – мәһр ғой", “Жастар бақытты болсын!", “Мәһр деген қайтадан шыққан ба?!”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Сәкен Майғазиев ұлының тойының онлайн трансляциясын сатып жатқанын жазған едік. 

@kenzhetai21 Махрге Адия не сұрады? 💍 Көпшілік таңғалды… Тойда бәрі күтті: “Көлік пе?”, “Пәтер ме?”, “Миллион ба?” деп… Бірақ Адияның таңдауы бәрін таңырқатты. Тек алтын сақина ғана. Сезім мен символ, махаббат пен қарапайымдылықтың үлгісі болды бұл шешім. Өзіне сенімді, жүрегі таза қыз артық нәрсе сұрамады — нағыз бақытты алтынмен емес, махаббатпен өлшейтіндердің таңдауы. ✨ Сіз не ойлайсыз, махрге не сұрау керек?👇 #Махр #АкияЖәнеСүйіктісі #АлтынСақина #ҚарапайымБақыт #Махаббат #Betashar2025 #ҚазақТойы #АдияныңТаңдауы #МахрСыры #ЖасырынСұраныс #рек #рекомендации ♬ الصوت الأصلي - 𝑆𝐴𝐿𝐼𝑀❤️‍🩹🎵
Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 09 Маусым, 2025 10:25
Талқылау