Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Hermes сөмкесі үшін істі болған Сәкен Мұсайбеков "Барыс" хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды

Фото: hcbarys.kz

"Барыс" хоккей клубының бас директоры қызметіне Сәкен Мұсайбеков тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сәкен Мұсайбеков бұған дейін, яғни 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры қызметін атқарған.

2021 жылы Сәкен Мұсайбеков жемқорлық дауында басты фигуранттардың бірі болды. Оны алаяқтық үшін кінәлі деп танып, 62 миллион теңге айыппұл салған. Ол пара ретінде құны 3 миллион теңгеден асатын әйелдер сөмкесін алғаны айтылды. Кейін тәркіленген Hermès сөмкесі электронды аукцион арқылы шамамен 4,5 миллион теңгеге сатылған.

Сәкен Мұсайбеков мәдениет және спорт вице-министрі (2015 жылғы ақпан – 2019 жылғы 29 қаңтар) болып атқарды. Кейін Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы (2019 жылғы 29 қаңтардан бастап; кейін қайта сайланды (2020 жылғы ақпан – 2020 жылғы мамыр). 2020 жылғы мамыр – 2021 жылғы ақпан аралығында мәдениет және спорт вице-министрі болып қайта тағайындалды.

Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубы – 1999 жылдың 26 қарашасында Астанада құрылған команда. 2009 жылға дейін клуб Қазақстан чемпионатына қатысып, 2008 және 2009 жылдары ел чемпионы атанған. 2004 жылы "Барыс" Ресей чемпионатының бірінші лигасына қабылданды, ал 2007 жылы "Орал – Батыс Сібір" аймағында жеңіске жетіп, жоғары лигаға өтті. Араға бір маусым салып, 2008 жылы команда Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) қатысушысы мәртебесіне ие болып, қазіргі күнге дейін сол лигада өнер көрсетіп келеді.


Алматыда шенеунік мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қаржыны жымқырмақ болған


Кем дегенде 10 қылмыстық іс бар: Депутат бұрынғы “СҚ-Фармация” басшыларын жазалауды талап етті


Еске салайық, бұған дейін прокуратура шымкенттік "Ордабасы" футбол клубындағы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша күдіктінің есімін атады. Прокуратураның мәліметінше, клубтың бұрынғы президенті Бауыржан Әбдубайытов лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Жалпы келтірілген шығын көлемі – 2,3 миллиард теңге. Нақты деректерге сәйкес, осындай 21 келісімшарт жасалған.

 

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 18 Маусым, 2025 09:44
Талқылау