Сәкен Майғазиев қызының бала-бақша таңертеңгілігінде болған қызықтарымен бөлісті (видео)
Сәкен Майғазиев кішкентай бүлдіршінінің бала-бақшадағы таңертеңгілігіне қатысып, онда болған қызықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.
Майғазиевтің кішкентай ғана бүлдіршіні жаңа жылдық шыршада жаттаған тақпағын айтты. Қызының абдырап қалғанын көрген әнші-әкесі «көштің жүре келе түзелетінін» алға тартты.
«10 күн жаттаған тақпағымыздың нәтижесі осы болды, енді. Бүгін. (Көш жүре түзеледі: Шырша және тақпақ)» – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары Майғазиевтің қызының тәтті қылықтарына сүйсіне қарады.
“Тәтті балапан”, “Жаным сол бал тіліңнен”, “Тіліңнен тәтті, аман бол, ата-анасын қуанта берсін”, “Жарайсыз, бала-бақшаға барып қызының шырша тойын қызықтап отырған сізден көп ер адамдар үлгі алатын болды”, – деп пікір білдірді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаеваның кіші қызы көпшілікті өнерімен таңғалдырды (видео)
МС Сайлаубек қазақстандықтардан 2 миллион ақша сұрады
Меруерт Түсіпбаеваның жаңа образы тыңдармандарын шошытты
Жадо өзін “сауатсыз әрі семіз” деп кемсіткен Түсіпбаеваны сотқа берген